Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU-ның қолдауымен «Қызыл және Сары стратегиялар» бизнес-кітабы қазақ тілінде жарық көрді

05.12.2025

2025 жылдың 5 желтоқсанында Астана қаласында Тәуелсіз директорлардың Qazaq Independent Directors қауымдастығы ұйымдастырған Qazaq Independent Directors Forum өтті. Форум жұмысына Алматы Менеджмент Университетінің президенті, әрі негізін қалаушы Қожахметов Асылбек Базарбаевич қатысты.

Асылыбек Базарбаевич Тәуелсіз директорлар институтын дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды. AlmaU QID ұйымымен 2023 жылдан бері ынтымақтастық орнатып келеді және осы кезеңде «Тәуелсіз директор. Табысқа жеткен мансап» бағдарламасы бойынша алты топ, сондай-ақ «Инновациялық корпоративтік басқару» бағдарламасы бойынша бір топ оқудан өтті.

«Болашақтың директорлар кеңесі» атты форсайт-сессия аясында AlmaU президенті әрі негізін қалаушы Святослав Бирюлиннің «Қызыл және Сары стратегиялар» кітабының қазақ тіліндегі басылымын таныстырды.

Бұл кітап Smart University Press баспасынан AlmaU мен QID қолдауымен жарық көрді. Кітаптың аудармасын «Толық адам» институтының аға оқытушысы Шолпан Сағатова жүзеге асырды.

Аталған еңбектің қазақ тілінде жарық көруі кәсіби орта үшін маңызды оқиға болып саналады, себебі бұл қадам мемлекеттік тілде заманауи басқару тұжырымдамаларына, стратегиялық ойлау құралдарына және менеджмент саласындағы практикалық тәжірибеге қолжетімділікті айтарлықтай кеңейтеді.

«Қызыл және Сары стратегиялар» – белгісіздік жағдайында тиімді стратегияларды қалыптастыруға арналған қолданбалы нұсқаулық. Кітап жүйелі тәсілді, ойлау икемділігін және нәтижеге бағдарланған басқару моделін үйлестіре отырып, стратегиялық шешімдер қабылдаудың заманауи әдістерін ұсынады. Бұл еңбек бұған дейін де басшылар, кәсіпкерлер мен басқарушылар арасында кеңінен танымал болған, енді қазақтілді аудитория үшін де қолжетімді болып отыр.

Кітаптың қазақ тіліне аударылуы мен жарық көруі ұлттық кәсіби және басқарушылық әдебиеттің дамуына елеулі үлес қосады. Бұл өз кезегінде заманауи іскерлік мәдениетті қалыптастыруға, стратегиялық ойлауды дамытуға және елдегі жаңа буын көшбасшыларын даярлауға ықпал етеді.

Кітапты AlmaU Book Shop дүкенінен сатып алуға болады.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок