9 қарашада AlmaU оқытушылары мен әкімшілік-басқару құрамы Қазақстандағы ең ерекше және танымал ат клубтарының бірі – Chamberlain Country Club-ына барды. Кездесу soft skills дағдыларын дамытуға және жылқылармен өзара әрекеттесу негізіндегі оқыту әдістерімен танысуға арналды.
Chamberlain Education – Орталық Азиядағы немістің G&K HorseDream GMBH компаниясының лицензияланған жалғыз серіктесі, жылқыларды пайдалана отырып өткізілетін бизнес-тренингтердің запатенттелген әдістемесінің авторы. Сонымен қатар, орталық Еуропалық жылқымен оқыту қауымдастығының (EAHAE) өмір бойы мүшесі болып табылады.

Оқу орталығын AlmaU-дың түлегі және табысты IT-кәсіпкері Марина Буканова негізін қалады. Марина бала кездегі пони жайлы арманын үлкен білім беру жобасына айналдырып, бір-бірінен алыс болып көрінетін екі әлемді – жоғары технологиялар мен саналы лидерлік философиясын – біріктіре алды.
Бүгінде Chamberlain орталығында табиғи өмір салтына барынша жақын жағдайда өмір сүретін сирек тұқымды 50 жылқы бар.
Демонстрациялық сессия барысында AlmaU қатысушылары жылқылармен тікелей жұмыс істеу арқылы келесі дағдыларды дамытуға болатынын өз көзімен көрді:
- өзіне деген сенімділік және өзін-өзі реттеу,
-
эмоционалдық интеллект,
-
тиімді коммуникация,
-
командалық жұмыс дағдылары,
-
лидерлік қасиеттер.

HorseDream әдістемесі Еуропада және бүкіл әлемде 20 жылдан астам уақыт бойы лидерлерді оқыту, трансформациялық бағдарламалар жүргізу, стрессті басқару және эмоционалдық тұрақтылықты дамыту үшін қолданылып келеді.
AlmaU сапары оқытушылар мен студенттерге арналған soft skills бағытындағы бірлескен білім беру жобалары мен тренингтерді талқылауға мүмкіндік берді. Университет бұл бірегей әдістемені оқу бағдарламаларына енгізу мүмкіндігін қарастырып, білім алушылардың жеке әрі кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуды жоспарлап отыр.