
AlmaU Open Library оқу мәдениетін және рухани дамуды қолдауға бағытталған әлеуметтік бастама басталғанын хабарлайды.
Жобаның мақсаты – әйелдерге арналған түзету мекемелері мен кәмелетке толмағандарға арналған колониялардың кітап қорын толықтыру, сондай-ақ оқуға деген қызығушылықты арттыру және рухани дамуға ықпал ету.
AlmaU Open Library сіздерді қайырымдылық акциясына қатысуға және игі іске үлес қосуға шақырады. Әрбір сыйға тартылған кітап – үміт, шабыт және жаңа мағыналар сыйлау мүмкіндігі.
Қабылданатын әдебиеттер: қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі көркем әдебиет.
Кітаптарды қабылдау мерзімі:
📅 17-30 сәуір
Қабылдау орны:
📍 Алматы қ., Розыбакиев көшесі, 227
AlmaU Open Library үлкен оқу залының абонементі