Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU: Перезагрузка 3.7. Мүшел жас!

11.12.2025

2025 жылдың 8-ші желтоқсанынан бастап AlmaU университеттің ресми туған күні 12-інші желтоқсанға арналған бір апталық мерекелік іс-шараларды бастады. Биыл AlmaU 37 жылдығын, “мүшел жасын” – атап өтіп, «Перезагрузка 3.7» ұранымен дамудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр.  

Салтанатты шара AlmaU Президенті Асылбек Кожахаметовтің сөзімен ашылды:  

«Біз Орталық Азияның интеллектуалдық орталығына айналуды мақсат етеміз. Келесі жылы AlmaU әлемнің түкпір-түкпірінен келген университет президенттерін қарсы алады. Біздің есігіміз алдында барлық тулар желбірейді. Біз бұл іс-шараны «Университет Президенттерінің халықаралық қауымдастығы» атымен өткізіп отырмыз».

Іс-шара аясында AlmaU-дың дамуына көптеген жылдар бойы өлшеусіз үлес қосқан қызметкерлер мен оқытушыларға ерекше алғыс сөздері айтылды. Өз мамандығына адалдығы мен университетке деген сүйіспеншілігі оның тарихының бір бөлігіне айналған жандар. Биыл AlmaU университетте 20 жыл – 2005 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан әріптестерін құттықтады.

AlmaU-дың мерейтойлық қызметкерлері:

  • Жанысбеков Ғабит Шоқанұлы – Кампусты пайдалану және дамыту бөлімің техникалық қызметкері

  • Қаржалов Танат Төлетаұлы – Кампусты пайдалану және дамыту бөлімінің техникалық қызметкері

  • Қасен Нұргүл Қадыбекқызы – Құжаттарды өңдеу орталығының жетекшісі

  • Серікбаева Жанна Дәулеткельдіевна – Assistant Professor, School of Digital Technologies and Economics

  • Каримова Галия Исмакова – Институт «Толық адам»-ның аға оқытушысы
  • Огай Дмитрий Валерьевич – Professor of Practice, School of Digital Technologies and Economics

  • Омарова Әсел Бағдатқызы – Канцелярия жетекшісі

AlmaU Awards 2025: жобаларды бағалаудың жаңа деңгейі  

Биылғы AlmaU Awards марапаттау рәсімі жаңа форматта өтті. Жобалар АБ матрицасына сүйене отырып бағаланды, ол нәтижелерді ғана емес, бастамалардың терең мағынасын, әлеуметтік әсерін және тұрақтылығын да көруге мүмкіндік береді. Номинациялар AlmaU-дың бес негізгі бағытын көрсетеді: Мағыналы, Білім беру, Қызмет көрсету, Әсерлі және Тұрақты.  

AlmaU Awards 2025 жеңімпаздары: 

MEANINGFUL PROJECT OF THE YEAR  

  • Білім беру институты «Rectors’ Club» жобасы 
  • Менеджмент және туризм мектебі «Ресторан және қонақ үй бизнесі» Білім беру бағдарламасы бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиада жобасы 

EDUCATIONAL PROJECT OF THE YEAR

  • Менеджмент және туризм мектебі ««Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» білім беру бағдарламасы бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиада» жобасымен
  • School of Digital Technologies & Economics – «Oqulabs» жобасымен
  • Special Mention: Жоғары бизнес мектебінің аға оқытушысы Владимир Владимирович Матцов «AI Transformation: Білім берудегі цифрлық интеллект шеберханасы» жобасы 
  • Special Mention: School of Digital Technologies & Economics «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясымен бірлескен «Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және ақпараттық қауіпсіздік» қос дипломды бағдарлама» жобасы 

IMPACTFUL PROJECT OF THE YEAR 

  • Нейромаркетинг және нейроменеджмент зертханасы «Pop-Up Lab: Ғылым – шексіз кеңістік» жобасы 
  • Quality Assurance Office «Жұлдыздарды жағамыз» жобасы 

SUSTAINABLE PROJECT OF THE YEAR 

  • Жоба тобы: Балықбаева Ардақ, Серікқалиева Азхар, Хусейнov Камран, Арын Айымжан, Бесембаев Серік, Рымтай Жанел «AlmaU Trust Barometer: Қазақстан жастарының сенімі мен әлеуметтік капиталы» жобасы 
  • Special Mention: Тұрақты даму орталығының директоры Жания Қабылдекқызы Хайбуллинаға – оның бастамашылдығы мен байқау идеяларына адалдығы үшін 

STAND SERVICE PROJECT OF THE YEAR 

  • Құжаттарды өңдеу орталығының басшысы Касен Нұргүл Қадырбековна, “Күш – қолдауда” жобасы 
  • Ақпараттық технологиялар және цифрландыру департаменті «AlmaU-дың цифрлық трансформациясы: AlmaUNI біртұтас экожүйесін іске қосу» жобасы 

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және AlmaU-дың дамуына қосқан үлестері үшін командаларға алғыс айтамыз! 

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок