Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU Президенті Асылбек Қожахметов денсаулық мәселелері бойынша халықаралық форумда баяндама жасады

02.06.2025

Almaty Management University (AlmaU) университетінің негізін қалаушысы және президенті Асылбек Қожахметов «Қазіргі әлемде денсаулықты сақтау: басты үрдістер мен жаңа тәсілдер» атты халықаралық форумға қатысып, «Университет — денсаулық мәдениетін қалыптастыру кеңістігі ретінде» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.

Өз сөзінде ол AlmaU-дың денсаулығына өзі жауап бере алатын және өркендеген қоғам құруға белсенді үлес қоса алатын саналы тұлғаны қалыптастыруға бағытталған авторлық тәсілін ұсынды. Баяндама форум қатысушылары тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, талқылаудың негізгі тақырыптарының біріне айналды.

Қазіргі заманда денсаулыққа кешенді түрде қараудың маңызын айта келе, Асылбек Қожахметов баяндамасында келесі тұжырымды келтірді:

«Бүгінде өмір ырғағы үдеп, күйзеліс пен ақпараттық шу қалыпты құбылысқа айналды. Мұндай жағдайда денсаулықты тек физикалық күй деп қарастыру жеткіліксіз. Ол – өмір сапасының, жеке тиімділіктің, тіпті қоғамның экономикалық дамуының негізі. Сондықтан біз денсаулықты сақтау – тек медицина саласының міндеті емес екенін түсінуіміз керек. Нағыз денсаулық – саналы өмір сүруді меңгеру: өз-өзіне жауапкершілікпен қарау, дұрыс әдеттерді таңдау және уақыт сынына төтеп бере алатындай өмір салтын қалыптастыру».

Форум жұмысына Sharmanov School of Health Sciences AlmaU әкімшілігінің өкілдері мен студенттері де қатысып, AlmaU-дың денсаулық, тұрақты даму және жаңа буын көшбасшыларын даярлау мәселелеріне деген шынайы қызығушылығын көрсетті.

 

 

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок