Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU президенті Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің ректорымен кездесті

14.10.2026

2026 жылғы 10 қазанда Бішкек қаласына жұмыс сапары аясында AlmaU президенті Асылбек Қожахметов Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің ректоры Догдурбек Чонтоевпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар жоғары білім беруді дамыту, университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту және халықаралық академиялық байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ білім беру және ғылыми-зерттеу салаларындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктеріне назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Қырғызстанның жоғары оқу орындары арасындағы өзара тиімді әріптестікті дамытудың маңыздылығын атап өтіп, алдағы ынтымақтастықтың перспективалары жөнінде пікір алмасты.

Кездесуге AlmaU президентінің кеңесшісі Дидар Марданов та қатысты. Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті тарапынан Халықаралық ынтымақтастық және байланыстар департаментінің директоры Бактыбек Келдибеков пен Академиялық ұтқырлық, білім беру экспорты және салалық магистратура бөлімінің меңгерушісі Саадат Шерматова қатысты.

Кездесу екі университет арасындағы академиялық байланыстарды нығайтуға және болашақтағы бірлескен жобаларды дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.

 

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок