Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU профессоры-зерттеушісі Ақнұр Жидебекқызы «Қазақ ғылымының үміті» арнайы марапатына ие болды

13.11.2026

AlmaU Research professor, PhD, қауымдастырылған профессор Ақнұр Жидебекқызы «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар» бағыты бойынша «Қазақ ғылымының үміті» («Қазақстан ғылымының үміті») арнайы марапатының иегері атанды.

Марапаттау рәсімі 2026 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырған Жас ғалымдардың III халықаралық конгресі аясында өтті.

«Қазақ ғылымының үміті» арнайы марапатын Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Web of Science халықаралық дерекқорында ғылыми еңбектерінің дәйексөз көрсеткіші жоғары отандық жас ғалымдарды қолдау мақсатында тағайындаған. Марапат қазақстандық зерттеушілердің ғылыми жетістіктерін мойындауға және елдің ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған.

Биыл марапатқа бес ғылыми бағыт бойынша барлығы бес зерттеуші ие болды. Олар әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, медицина ғылымдары және денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, техникалық және жаратылыстану ғылымдары бағыттарының өкілдері. Ақнұр Жидебекқызы «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар» бағыты бойынша үздік деп танылып, AlmaU атынан марапатқа ие болды.

Жас ғалымдардың III халықаралық конгресіне әлемнің 35-тен астам елінен 1000-нан астам зерттеуші қатысты. Форум Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Конгресс аясында отандық ғылымның даму перспективалары, ғылыми мектептердің сабақтастығы, халықаралық ынтымақтастық және тәуелсіз Қазақстанның зияткерлік әлеуетін арттырудағы жас зерттеушілердің рөлі талқыланды.

AlmaU үшін бұл жетістік университеттің ғылыми-зерттеу әлеуеті мен академиялық қауымдастығының отандық ғылымды дамытуға қосып отырған үлесін көрсетеді. Зерттеу қызметін қолдау, жаңа білім өндіру және оны қоғамның өзекті мәселелерін шешуге бағыттау университет дамуының маңызды басымдықтарының бірі болып табылады.

AlmaU Ақнұр Жидебекқызын жоғары ғылыми марапатымен құттықтайды! Ғылыми ізденістеріне табыс, жаңа зерттеулер мен тың жаңалықтар, халықаралық деңгейдегі жетістіктер тілейміз!

 

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок