Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU QS Asia University Rankings 2026 және QS Stars: 4 жұлдыз және сәтті дебют

06.11.2025

Жоғары білім беру саласындағы халықаралық талдау агенттігі QS Quacquarelli Symonds Азияның үздік жоғары оқу орындарының жыл сайынғы рейтингі – QS Asia University Rankings 2026 нәтижелерін жариялады.

AlmaU бұл рейтингінде алғаш рет қатысып, бірден жоғары нәтижелер көрсетті – енген он дебютанттың ішінде екінші орынды иеленді. Рейтинг жоғары оқу орындарын бірнеше негізгі көрсеткіш бойынша бағалайды. AlmaU екі негізгі критерий бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Біріншісі – Employer Reputation (жұмыс берушілер арасындағы бедел) – түлектердің еңбек нарығындағы танымалдығы мен сұранысын көрсетеді. Сонымен қатар, университет Outbound Exchange (халықаралық академиялық ұтқырлық) көрсеткіші бойынша да жоғары балл алды. AlmaU студенттерді шетелдік университеттерге білім алуға белсенді түрде жібереді, бұл өз беделін нығайтып, Қазақстанның білім беру жүйесінің халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.

Бұдан бөлек, тәуелсіз QS Stars аудитінің қорытындысы бойынша университетке жалпы 4 жұлдыздық баға берілді. Сарапшылар келесі бағыттарды ерекше атап өтті, оларға 5 жұлдыздық жоғары баға берілді: Business and Management Studies (Бизнес және басқару), Good Governance (Тиімді корпоративтік басқару), Entrepreneurship (Кәсіпкерлік).

Жалпы алғанда, AlmaU Орталық Азия университеттері арасында 44-орынға ие болды, ал жалпы тізімде 1500 университеттің ішінде 741-750 диапазонында орналасқан. Бұл университеттің алғашқы қатысуы үшін сенімді нәтиже болып табылады және оның әрі қарайғы дамуы мен халықаралық деңгейде танылу әлеуетін көрсетеді.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок