Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU студенттерді 2027 жылы Францияда өтетін BSB қысқы мектебіне шақырады

16.10.2026

2027 жылғы 11-22 қаңтар аралығында Дижон және Лион қалаларында (Франция) өтетін Burgundy School of Business (BSB) халықаралық қысқы мектебіне тіркелу басталды.

Қатысушылар көшбасшылық дағдыларын дамытып, дизайн-ойлау әдістерімен танысады, сондай-ақ тұрақты даму және жауапты тұтыну тәсілдерін зерделейді.

Таңдау бойынша екі оқу модулі ұсынылады:

  • Authentic Leadership & Design Thinking – Дижон, 2027 жылғы 18-22 қаңтар, 4 ECTS. Қатысу құны – 710 еуро.
  • Empowering Sustainability: Transformative Pathways in Consumption – Лион, 2027 жылғы 11-15 қаңтар, 4 ECTS. Қатысу құны – 760 еуро.

Сондай-ақ екі модульді біріктіріп, 8 ECTS көлеміндегі толық 10 күндік бағдарламадан өтуге болады. Қатысу құны – 1 310 еуро.

Бағдарлама нақты компаниялармен бірлесіп бизнес-жобалар әзірлеуді, мәдениетаралық тәжірибе алмасуды және Францияның академиялық ортасымен танысуды қамтиды.

Қатысу құнына мыналар кіреді:

  • Оқу (әр модуль бойынша 25 академиялық сағат) және оқу материалдары;
  • қарсы алу кофесі, қарсы алу кешкі асы және қорытынды фуршет;
  • бағдарлама аясындағы көлік қызметтері және мәдени іс-шаралар;
  • ресми академиялық транскрипт және бағдарламаны аяқтағаны туралы сертификат.

Қосымша шығындар

Қатысу құнына халықаралық әуе билеттері, BSB кампусына дейінгі жол шығындары, тұру, тамақтану (бағдарламада қарастырылған іс-шаралардан басқа), виза алымдары, жеке шығындар және қосымша іс-шаралар кірмейді.

BSB кампус аумағында жатақхана ұсынбайды, алайда бөлмелерінде шағын асүйі бар апарт-отельдерде тұру мүмкіндігін ұсынады.

Дижон – Residhome Dijon Cité des Vignes

  • Бір кісілік бөлме – бір түнге шамамен 57 еуро;
  • екі кісілік бөлме – бір адамға бір түнге шамамен 28,5 еуро;
  • таңғы ас (қалауы бойынша) – 12 еуро;
  • жергілікті салық – бір түнге 1,87 еуро.

Лион – Odalys City Lyon Bioparc

  • Бір кісілік бөлме – бір түнге шамамен 77 еуро;
  • екі кісілік бөлме – бір адамға бір түнге шамамен 38,5 еуро;
  • таңғы ас (қалауы бойынша) – 19 еуро;
  • жергілікті салық – бір түнге 2,55 еуро.

Қатысу үшін тіркеу формасын толтыру қажет.

Қатысуға қатысты сұрақтар бойынша AlmaU Халықаралық бағдарламалар және академиялық ұтқырлық орталығына (101-кабинет) хабарласуға немесе үйлестірушілерге жазуға болады:

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок