Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU студенттері Гонконгтағы халықаралық туризм форумына қатысты

22.05.2025

2025 жылдың 14–16 мамыр аралығында AlmaU Қонақжайлылық және туризм мектебінің «Туризм және ивент-менеджмент» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері — Ахметханова Сымбат, Өміртай Айдана және Қадыржан Айгерім — Гонконг политехникалық университетінің Қонақ үй және туризм менеджменті мектебі (The Hong Kong Polytechnic University, SHTM) базасында өткен 21-ші Азия–Тынық мұхиты форумына (Asia Pacific Forum for Graduate Students Research in Tourism) ғылыми баяндама жасап қатысты.

ШГиТ оқытушысы Адийна Есенғалиеваның ғылыми жетекшілігімен дайындалған топтың баяндамасы «Алматыдағы туризмді цифрландыру: цифрлық маркетингтің туристердің қалауы, мінез-құлқы және тұрақты таңдауына әсерін талдау» тақырыбына арналды.

Asia Pacific Forum — туризм және қонақжайлылық саласындағы ғылыми зерттеулерді ұсынуға арналған беделді алаң. Форум аясында әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттер, магистранттар мен жас зерттеушілер өз жобаларын таныстырып, жетекші ғалымдар мен индустрия мамандарымен пікір алмасты. Бағдарламада пленарлық сессиялар, тақырыптық панельдер, зерттеу жобаларының таныстырылымдары мен пікірталастар қамтылды.

AlmaU студенттерінің бұл форумға қатысуы — академиялық коммуникация мен халықаралық ғылыми ынтымақтастық бағытында маңызды тәжірибе болып, олардың кәсіби даярлық деңгейі мен туризм саласындағы заманауи зерттеу трендтеріне деген қызығушылығын көрсетті.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок