2025 жылдың 30 наурызы мен 31 мамыры аралығында Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігі жүзеге асыратын «Study in Kazakhstan» стипендиялық бағдарламасына қатысуға онлайн өтінімдер ашық. Жоғарғы оқу орындарының арасынанан қатысушылардың бірі – Almaty Management University (AlmaU).
Бағдарлама Қазақстандық жоғары оқу орындарында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ қазақ ұлтының тұлғаларына бакалавриат, магистратура және PhD докторантура бағдарламалары бойынша тегін оқуға мүмкіндік береді.
Гранттар саны:
* Бакалавриат-490
* Магистратура-50
* PhD докторантура-10
Грант оқу ақысын жабады және ай сайынғы стипендия беріледі.
Неліктен AlmaU?
Almaty Management University – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде заманауи білім беретін еліміздің жетекші кәсіпкерлік университеттерінің бірі. Университет білімі тәжірибеге, көшбасшылықты дамытуға және жаһандық ойлауға бағытталған.
Бағдарламаға қатысуға өтініш үш тілдің бірінде — қазақ, орыс немесе ағылшын және онлайн толтырылады.
Бағдарламаның операторы – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ.
Сіз осы сілтемеде өтініш бере аласыз!