Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU Times Higher Education Impact Rankings 2025 – те өзінің позициясын нығайта түсті

20.06.2025

Times Higher Education Impact Rankings 2025 халықаралық рейтингісінің нәтижелері жарияланды. Бұл рейтинг – әлем университеттерінің БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (Sustainable Development Goals, SDGs) қосып жатқан үлесін бағалайтын беделді жаһандық платформа. Биылғы жылы рекордтық көрсеткіш тіркеліп, рейтингке 130 елден 2526 университет қатысты. Бұл көрсеткіш соңғы бес жыл ішінде үш есе өсіп, ғылыми қауымдастықтың тұрақты дамуға деген қызығушылығының артып отырғанын дәлелдейді.

Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) жаһандық рейтингте 1001–1500 орындарды иеленген университеттер тобына ену арқылы өзінің жаһандық тәртіпке адалдығын тағы да растады. Егер 2024 жылы рейтингте 26 университет ұсынылған болса, 2025 жылы олардың саны 36 болды, бұл ұлттық жоғары білім берудегі тұрақты дамудың маңыздылығын көрсетеді.

AlmaU келесі Тұрақты даму мақсаттары бойынша жоғары нәтижелерді көрсетті:

SDG 2: Аштықты жою (Zero Hunger)
SDG 8: Лайықты еңбек және экономикалық өсу (Decent Work and Economic Growth)
SDG 9: Индустрия, инновация және инфрақұрылым (Industry, Innovation and Infrastructure)
SDG 14: Суасты экожүйелерін сақтау (Life Below Water)
SDG 15: Құрлықтағы экожүйелерді сақтау (Life on Land)
SDG 17: Тұрақты даму үшін серіктестік (Partnerships for the Goals)

Бұл бағыттар AlmaU-дың білім беру, инфрақұрылым, ғылыми зерттеу бастамалары және университеттің үшінші миссиясы арқылы жүзеге асуда. Атап айтқанда, университет жанынан құрылған Технологияларды коммерцияландыру орталығы ғылыми жобаларды өндірістік салаға енгізуге ықпал етіп келеді. Сонымен қатар, халықаралық әріптестік те қарқынды дамуда: Swiss Education Group-пен қос диплом бағдарламалары жүзеге асырылады, студенттер еуропалық қонақүйлерде тәжірибеден өтеді, «Қазақфильм» киностудиясымен де әріптестік орнатылынған.

Онымен қоса, AlmaU еліміздің өңірлерін дамытуға да өз үлесін қосуда. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан көпсалалы «Зейнеп» колледжі ауыл шаруашылығы, агротуризм, робототехника, педагогика және қонақүй бизнесі сияқты стратегиялық бағыттар бойынша мамандар даярлайды.

Университет экологиялық бастамаларға да айрықша көңіл бөледі. 2019 жылдан бастап AlmaU-дың Жоғары бизнес мектебі бастамашы болған «Uly Balqash Shaqyrady» мұздық көші жобасы жүзеге асырылып келеді. Бұл бастама — Балқаш көлі мен оның биоалуантүрлілігін сақтауға арналған. Бірінші жүріп өтуде 50 адам қатысса, 2020 жылы — 100, ал үшінші рет ұйымдастырылғанда — 120 қатысушы болды.

Экологиялық жобалар легін жалғастыра отырып, 2024 жылдың наурыз айында AlmaU Қызылорда облысында «Syr qorǵany – sekseýil» атты эко-волонтерлік жобаны қолға алды. Арал теңізінің экологиялық апаты салдарын жеңілдетуге және жерді қалпына келтіруге бағытталған бұл жоба аясында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен жергілікті әкімдіктердің қолдауымен 80 волонтер 5100 сексеуіл көшетін Аралдың құрғаған түбіне отырғызды.

Қоршаған ортаны қорғауға кешенді көзқарасының бөлігі ретінде университет үкіметтік емес ұйымдармен және серіктестермен бірлесе отырып, экологиялық команда құру мен тауға жорықтарды белсенді түрде ұйымдастырады. Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты – табиғи аумақтарды қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту. Осылайша, 2024 жылы AlmaU қызметкерлері жағалауды тұрмыстық қалдықтардан тазарту үшін күш біріктіріп, Есік көлінде экологиялық тимбилдинг іс-шарасын өткізді.

Бұл жобалар AlmaU-дың тұрақты даму жолында атқарып жатқан ауқымды әрі жүйелі жұмысының бір бөлігі ғана. Университет экологиялық, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан орнықты қоғам қалыптастыруға бағытталған ондаған өзге де бастамаларды жүзеге асырып келеді.

Times Higher Education Impact Rankings 2025 нәтижелері AlmaU-дың Тұрақты даму мақсаттарын білім беру, ғылыми және әлеуметтік қызметіне тиімді түрде біріктіріп отырғанын дәлелдейді. AlmaU жаһандық сын-тегеуріндерге бейімделген орта қалыптастыру жолындағы бағдарын жалғастырып, ұлттық әрі халықаралық деңгейде қоғамның орнықты дамуына өз үлесін арттыра түсуде.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок