Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU университетінің халықаралық мойындалуына үлес қосқан қызметкерлер марапатталды

08.07.2025

Almaty Management University-де 2024–2025 оқу жылында AlmaU-дың халықаралық аккредитациялар мен рейтингтердегі беделін арттыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттарды AlmaU президенті және ректоры Асылбек Қожахметов табыстап, қызметкерлерді жетістіктерімен құттықтап, университеттің дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Марапатталғандардың қатарында мектеп декандары, білім беру бағдарламаларының жетекшілері, сондай-ақ Quality Assurance, аккредитация және рейтингтермен жұмыс істейтін кеңселердің өкілдері болды:

  1. Азамат Ауезханұлы, Қонақжайлылық және туризм мектебінің деканы;
  2. Салтанат Бердикулова, Медиа және кино мектебінің проефессоры;
  3. Анара Секеева, Медиа және кино мектебінің деканы;
  4. Мадина Есиркепова, Саясат және құқық мектебінің деканы;
  5. Гульжаухар Казиева, «Құқықтану» білім беру бағдарламасының жетекшісі;
  6. Назира Бакбергенова, «Мейрамхана және қонақүй ісі» білім беру бағдарламасының жетекшісі;
  7. Алмагуль Манап, Қонақжайлылық және туризм мектебінің деканының орынбасары;
  8. Рената Кудайбергенова, директор Quality Assurance Office;
  9. Виктория Мормина, аккредитация және рейтингтермен жұмыс істейтін кеңсесінің басшысы;
  10. Аида Жараспаева, аккредитация және рейтингтермен жұмыс істейтін кеңсесінің менеджері;
  11. Алина Алпысова, аккредитация және рейтингтермен жұмыс істейтін кеңсесінің менеджері;
  12. Ляззат Еспергенова, Quality Assurance Office жетекші менеджері;
  13. Ардак Балыкбаева, Quality Assurance Office жетекші менеджері.

Академиялық даму жөніндегі проректор Асель Арын университеттің дамуындағы қызметкерлердің еңбегін ерекше атап өтіп, кәсіби команда жұмысы жоғары нәтижелерге жетудің басты факторларының бірі екенін айтты. AlmaU ұжымы атқарған үйлесімді жұмыстың нәтижесінде университет өз позициясын халықаралық деңгейде сенімді түрде нығайтып келеді.

Бүгінгі таңда AlmaU әлемдік білім сапасына қойылатын талаптарға толық сәйкес келетіндігін дәлелдейтін FIBAA, AMBA, BGA, IQA CEEMAN, IQAA (НАОКО) сияқты беделді ұйымдардың аккредитацияларына және ACCA мен IPMA сынды халықаралық сертификаттауларға ие.

Әріптестерімізді марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Алда бұдан да үлкен жетістіктер мен кәсіби табыстарға жете берейік!

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок