
2026 жылғы 9-11 сәуір аралығында Қытайға жасалған жұмыс сапары аясында AlmaU халықаралық серіктестік байланыстарын нығайтып, білім беру саласында бірқатар стратегиялық кездесулер өткізді.
Халықаралық Fuzheng Education компаниясымен өткен келіссөздерге AlmaU ректоры Тимур Булдыбаев және School of Digital Technologies and Economics деканатының халықаралық ынтымақтастық және аккредитациялар жөніндегі орынбасары Мөлдір Малшы қатысты.

Кездесу барысында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, өзара әрекеттесу форматтары, соның ішінде рекрутинг және бірлескен білім беру бағдарламалары, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Тараптар ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға және академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделілік білдірді.