2025 жылдың 22 қыркүйегінде Almaty Management University (AlmaU) мен «ITeachMe» Қоғамдық қоры – Құзыреттерді дамыту орталығы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Бұл келісім инклюзивті білім беруді дамытуға, жастардың цифрлық дағдыларын қалыптастыруға және AlmaU студенттері үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған.
AlmaU тарапынан құжатқа Бірінші проректор Тимур Булдыбаев қол қойды.
«ITeachMe» қоры тарапынан – қор директоры, инклюзия және әлеуметтік инновациялар саласының сарапшысы, AlmaU MBA бағдарламасының түлегі Захира Бегалиева қол қойды.
Ынтымақтастық аясында:
-
Service Learning курсы шеңберінде бірлескен жобаларды жүзеге асыру;
-
AlmaU студенттеріне «ITeachMe» қорында тағылымдамалар ұйымдастыру;
-
Ұлттық және халықаралық гранттарға өтінімдер беру;
-
Инклюзия, цифрлық құзыреттер мен көшбасшылық саласындағы зерттеу бастамаларын дамыту;
-
Тренингтер, шеберлік сабақтары және білім беру бағдарламаларын өткізу жоспарланған.
Бұл ынтымақтастық БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының жаһандық тәртібін қолдайды: ТДМ 4 – «Сапалы білім беру», ТДМ 5- «Гендерлік теңдік» және ТДМ 10 – «Теңсіздікті азайту».
AlmaU мен «ITeachMe» жастардың қоғамдық өмірге қатысуын кеңейтіп, инклюзивті әрі тұрақты Қазақстанды дамытуға ықпал етіп, толық адам құндылықтарын қалыптастыру үшін күш біріктіреді.