2025 жылғы 19 тамыз күні Almaty Management University-де профессорлық-оқытушылық құрамның жаңа өкілдеріне арналған бейімдеу апталығы басталды. Бұл бағдарлама AlmaU-дың бейімделу жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады және жаңа әріптестерді университеттің академиялық әрі корпоративтік ортасына тартуға бағытталған.
Қатысушыларға алғашқы құттықтау сөзін бірінші проректор Тимур Булдыбаев арнады:
«AlmaU өз қызметкерлеріне қамқорлық танытып, кәсіби жолдың әрбір кезеңінде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Алғашқы күннен бастап біздің ортақ мақсаттарымыз бен құндылықтарымызды түсіну өте маңызды, өйткені осы негізде біз табысты әрі бірлескен ілгерілеуді қамтамасыз ете аламыз», – деді ол.
Бағдарламаның алғашқы күнінде сондай-ақ:
-
Асель Арын, академиялық даму жөніндегі проректор, академиялық блок туралы баяндады;
-
Шолпан Тазабек, ғаламдық серіктестіктер жөніндегі проректор, AlmaU-дың халықаралық ынтымақтастықтағы жетістіктерімен бөлісті;
-
Рената Кудайбергенова, ғылым және технологияларды коммерцияландыру жөніндегі проректор, университеттің рейтингтер мен аккредиттеулердегі нәтижелерін ұсынды.
Осылайша, алғашқы күннен бастап жаңа оқытушылар университеттің негізгі қызмет бағыттары мен AlmaU-дың стратегиялық басымдықтары туралы кешенді түсінік алды. Алдағы күндері бағдарлама аясында университеттің академиялық саясаты, профессорлық-оқытушылық құрамды оқыту сапасын бағалау мәселелері, кітапханадағы ақпараттық ресурстар мүмкіндіктері, AlmaU-дың цифрлық сервистері және академиялық пен әкімшілік өмірдің басқа да маңызды қырлары талқыланатын болады.
AlmaU-ға конкурс арқылы іріктеуден сәтті өтіп, профессорлық-оқытушылық құрамға қосылған жаңа әріптестерін құттықтайды. Университет оларға табысты оқу жылын, кәсіби жетістіктерді және білім мен ғылымды дамытуға бағытталған батыл жобалар тілейді.
AlmaU әрқашан жаңа идеялар мен бастамаларға ашық және академиялық қауымдастықтың болашағын бірге қалыптастыруға дайын.