Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU жобасы Британдық кәсіпкерлік білім беру саласындағы зерттеу жобалары қорының жоғары бағасына ие болды

18.08.2025

AlmaU Менеджмент және туризм  мектебінің профессоры Мадина Смыкова мен лекторы Бисенгүл Игенбаева кәсіпкерлік білім беру саласындағы халықаралық зерттеу жобасын Британдық кәсіпкерлік білім беру саласындағы зерттеу жобалары қорының қолдауымен сәтті аяқтады.

Зерттеу барысында кәсіпкерлік білім берудің дамуына әсер ететін негізгі факторлар айқындалып, олардың негізінде кәсіпкерлік бойынша білім беру бағдарламаларының құрылымы әзірленді.

Серіктестермен – Литвадағы Вильнюс университетінің Бизнес-мектебі – бірлесе отырып, студенттердің қоғам мен индустрияның қазіргі сын-қатерлеріне сәйкес қолданбалы кәсіпкерлік құзыреттерін қалыптастыруға ықпал ететін жаңа тәжірибеге бағытталған әдістер анықталды.

Зерттеу нәтижелері кәсіпкерлік білім беру бағдарламаларын жетілдіру саласында кәсіби қауымдастыққа арналған құнды практикалық ұсынымдары үшін Қор тарапынан жоғары бағаланды.

 

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок