Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Алтай Серікбай AlmaU-да семинар өткізді

14.02.2025

2024 жылы 14 ақпанда Almaty Management University – де Алтай Серікбаймен семинар өтті. Арнайы қызметтерде және коммерциялық барлау ұйымдарында он бес жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар ол өзінің жеке даму тәжірибесіне барлау саласындағы озық тәжірибелерді біріктірді.

Шара барысында Алтай Серікбай өзінің кәсіби тарихымен бөлісіп, барлаудағы қызмет оның дүниетанымына қалай әсер еткенін және тұлғалық өзгерістерге қалай ықпал еткенін атап өтті. Ол өз сөзінде интегралдық психологияға ерекше көңіл бөлді, оның мақсаты жеке тұлғаның тұтастығын қалпына келтіру және оны қоғамға үйлесімді интеграциялау болып табылады.

Алтай Серікбай сананы дамытудың бірнеше әдістерімен бөлісті. Соның бірі – барлау стратегиясы болып табылады. 

Іс-шараның маңызды бөліктерінің бірі қатысушылардың нақты істеріне талдау жасау болды. Интерактивті форматта Алтай қатысушыларға өмірлік сценарийлер арқылы өмір сүруге және өзекті сұрақтарға жауап табуға көмектесе отырып, өз білімін іс жүзінде қолдануды көрсетті.

Семинар тыңдаушылар арасында белсенді пікірталас тудырған мазмұнды атмосферада өтті. Қонақтар ұсынылған стратегияларға жоғары қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, жеке істерді талдауға қатысты.

AlmaU-дың кадрлар бөлімі ұйымдастырған Алтай Серікбаймен семинар жеке тұлғаның өсуі мен өзін-өзі тануына үлкен үлес қосты.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок