Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Арингазина Алтын IUHPE Дүниежүзілік конференциясында баяндама жасады

30.05.2025

AlmaU Шарманов атындағы Денсаулық сақтау мектебінің профессоры, медицина ғылымдарының докторы, Азия Даму Банкінің ұлттық сарапшысы Арингазина Алтын 2025 жылғы 13–16 мамыр аралығында Абу-Дабиде өткен IUHPE – Денсаулықты нығайту және білім беру жөніндегі Халықаралық Одақтың 25-ші Дүниежүзілік конференциясында “Settings for Planetary Health & Well-being” тақырыбында ауызша баяндама жасады.

Арингазина Алтын бұл жаһандық конференцияны ұйымдастыруға да белсенді атсалысып, IUHPE-нің Ғаламдық Ұйымдастыру Комитетінің мүшесі әрі тезистерді рецензиялаған сарапшы болды.

1500-ден астам делегат әлемнің түкпір-түкпірінен жиналып, планетарлық саулық мәселелерін талқылады. Тақырыптар қатарына денсаулық туралы сауаттылық, жаһандық дипломатия мен төтенше жағдайларға дайындық, денсаулық сақтау саласындағы цифрлық трансформация, саулықты қолдау саясаты мен денсаулықтағы әділеттілік және оның әлеуметтік детерминанттары кірді.

Конференция қоғамдық денсаулық, пәнаралық тәсілдер және жаңа серіктестіктер орнату бағыттарында білім мен тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Арингазина Алтын IUHPE Бас Ассамблеясы мен Еуропалық комитетінің отырыстарына да қатысты.

2004 жылдан бастап Арингазина А.М. Қазақстанның IUHPE-дегі мүдделерін қорғап келеді. 2007–2013 жылдары жаһандық дауыс беру нәтижесінде IUHPE Қамқоршылар кеңесінің мүшесі болып сайланды. 2021 жылдан бері IUHPE Еуропалық аймақтық комитетінің мүшесі. 2023 жылдан бастап SSHS IUHPE-нің академиялық институционалдық мүшесі болып табылады.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок