2025 жылдың 25 сәуірінде Өзбекстанның мәдени орталықтарының бірі Бұхара қаласында Ректорлар клубының 5-ші отырысы өтті. Шараға 10 елден 28 университет пен 3 ұйымнан 55 өкіл жиналды. Қатысушылар географиясы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Әзірбайжан, Польша, Ұлыбритания, Оңтүстік Африка Республикасы және Сербияны қамтыды.
Ұйымдастырушы – Almaty Management University (Қазақстан), бірлескен ұйымдастырушы – Азия халықаралық университеті (Өзбекстан). Жиын университеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың жаңа кезеңін белгілеп, заман талабына ортақ жауаптарды іздеуге мүмкіндік берді.
Құттықтау сөзімен жиынды ашқандардың қатарында Азия халықаралық университетінің ректоры Сухроб Дехканов, Almaty Management University-дің негізін қалаушы және президенті Асылбек Қожахметов, Өзбекстанның Жоғары білім министрі Конгратбай Шарипов болды.
Almaty Management University-дің негізін қалаушы және президенті Асылбек Қожахметов
Азия халықаралық университетінің ректоры Сухроб Дехканов
Өзбекстан Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігіне қарасты Жоғары білімді дамыту ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары, т.ғ.д. Музаффар Эсанов «Өзбекстанда білім алу» баяндамасын ұсынды. Аризона мемлекеттік университетінің (АҚШ) Мэри Лу білім колледжінің профессоры және деканның орынбасары Ивета Силова өсіп келе жатқан жаһандық өзара тәуелділік жағдайында университеттік серіктестіктерді қайта қарастыру қажеттілігі туралы онлайн презентация жасады. Сөзді КИМЭП Университетінің (Қазақстан) гуманитарлық-педагогикалық колледжінің деканы, профессор Жұлдыз Смағұлова қорытындылады. Ол білім беру жүйесіндегі тіл саясатының мәселелерін көтерді.
Гүлнара Күренкеева, PhD докторы, AlmaU ректоры
Бірқатар панельдік пікірталас негізгі міндеттерді талқылауды жалғастырды. Бірінші сессия «Жергілікті бірегейлік және жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбына арналды және оны AlmaU ректоры, PhD докторы Гүлнар Күренкеева жүргізді. Пікірталасқа PhD докторы, Орталық Азиядағы Америка университетінің президенті (Қырғызстан) Тимоти О’Коннор қатысты; Әсел Әжібаева, экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан-Неміс университетінің ректоры; Кахрамон Юсупов, ОАУ оқу ісі жөніндегі проректоры; және Түркімен мемлекеттік экономика және басқару институтының цифрлық экономика кафедрасының меңгерушісі Бердімырат Оразов онлайн режимде қосылды. Қатысушылар университеттердің аймақтық сәйкестігі мен олардың жаһандық бәсекеге қабілеттілігі арасындағы байланысты қарастырды.
Христо Кючуков, Ph.D. (психолингвистика), Катовицедегі Силезия университетінің Рома зерттеу орталығының профессоры және директоры (Польша)
Екінші сессияны PhD докторы, доцент Мишель Бейдекер жүргізді. Панельдік пікірталас «Ғылым мен білім тілі – жаһандық стандарт немесе мәдени әртүрлілік пе?» деп аталды. Талқылауға мыналар қатысты:
- Христо Кючуков, Ph.D. (психолингвистика), Катовице қаласындағы Силезия университетінің (Польша) профессоры және Рома зерттеулер орталығының директоры;
- Абхиманю К.Шарма, PhD (әлеуметтік лингвистика), Кембридж университетінің оқытушысы, Британ жоғары білім академиясының стипендиаты (Ұлыбритания);
- Мехринигор Ахмедова, философия ғылымдарының докторы, Бұхара мемлекеттік университетінің ағылшын әдебиеті кафедрасының профессоры (Өзбекстан);
- Светлана Балхова, философия ғылымдарының докторы, Душанбе қаласындағы Мәскеу мемлекеттік университеті филиалының тіл білімі кафедрасының профессоры (Тәжікстан).
Дилобар Бойматова, заң ғылымдарының кандидаты, Тәжік мемлекеттік құқық, бизнес және саясат университетінің доценті.
Азия халықаралық университетінің ғылыми-зерттеу және инновациялар жөніндегі проректоры, PhD докторы Әмірбек Икрамовтың модераторлығымен өткен келесі сессия Орталық Азиядағы университеттер әріптестігінің сенім, этика және өзара даму мәселелеріне арналды. Талқылауға экономика ғылымдарының кандидаты, Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова қатысты; Светлана Сирмбард, доцент, Адам Университеті/BFEA ректоры (Қырғызстан); Дария Қожамжарова, тарих ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Шыршық қаласындағы филиалының директоры (Өзбекстан); Фариз Исмаилзаде, PhD докторы, ADA университетінің қоғам және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры (Әзербайжан, онлайн); және Дилобар Бойматова, заң ғылымдарының кандидаты, Тәжік мемлекеттік құқық, бизнес және саясат университетінің доценті.
Шолпан Тазабек, PhD PhD, Volkswagen Foundation стипендиаты (Германия), Алматы Менеджмент Университетінің Жаһандық серіктестік жөніндегі проректоры (Қазақстан)
Қорытынды аналитикалық сессия Түркістан декларациясын, Самарқанд саммитін және Орталық Азиядағы академиялық интеграцияның келешегін талқылауға арналды. Талқылауға мыналар қатысты:
- Павел Лукша, жоғары білім саласындағы халықаралық сарапшы, Global Education Futures негізін қалаушы, Дүниежүзілік университеттер консорциумының директорлар кеңесінің мүшесі (АҚШ/Сербия, онлайн);
- Сәуле Каликова, білім беру саясаты саласындағы сарапшысы, CAPS Unlock Foundation (Қазақстан);
- Шолпан Тазабек, PhD PhD, Volkswagen Foundation (Германия) стипендиаты, Almaty Management University жаһандық серіктестік жөніндегі проректор (Қазақстан).
Бұхарадағы кездесу Ректорлар клубының жай ғана пікірталас алаңы емес, нақты бастамалар мен серіктестіктер алаңына айналып келе жатқанын растады.