Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Қонақжайлылық және туризм мектебі

Школа предоставляет следующие образовательные программы

6B11101 – Мейрамхана және қонақ үй бизнесі

«Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты студенттердің жеке қасиеттерін, сондай-ақ қонақжайлылық кәсіпорындарын басқару саласында білімдерін, біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. AlmaU «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасының түлектері нарық трендтерін сараптай алады, халықаралық деңгейдегі компанияларда жұмыс істеу дағдыларына ие және қажет болса қонақжайлылық индустриясында өз бизнесінің негізін қалай алады.

Оқу мерзімі: 3 жыл

МІҚБ білім беру бағдарламасы түлегінің кәсіби қызмет саласы: мейрамхана ісін және қонақ үй бизнесін ұйымдастыру; персоналды іріктеу; қызмет көрсету процесін, өндірісті қызмет көрсетуге технологиялық және техникалық даярлауды бақылау; банкеттерді, фуршеттерді ұйымдастыру және өткізу; мейрамханалар мен қонақүйлер үшін жарнама жасау және алға ілгерілету; қызметкерлер құрамына қызмет көрсету және іскерлік қарым-қатынас этикасы мәселелері бойынша тренингтер өткізу; қабылдау, бөлу, қызмет көрсету және қонақтарды тамақтандыруды ұйымдастыру.

Түлектің кәсіби қызметінің түрлері: тағам менеджері; бренд-менеджер; қонақ үй әкімшісі; мейрамхана әкімшісі; Банкеттерді сату жөніндегі менеджер; Конференцияларға қызмет көрсету жөніндегі менеджер; қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнын басқарушы, Зал (мейрамхана, кафе және т. б.) меңгерушісі; мейрамхана-қонақ үй кешенінің бөлім басшысы;

Қонақтармен байланыс жөніндегі менеджер; бөлім басшысы (брондау, қабылдау және орналастыру, кадрлар, маркетинг және сату); Брондау бөлімінің менеджері; Қонақтарға қызмет көрсету жөніндегі менеджер; Супервайзер; Қонақүйдің сауықтыру орталығының менеджері және т. б.

Оқыту тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

 

6B11188 – Туризм және ивент-менеджмент

«Туризм және ивент-менеджмент» білім беру бағдарламасының мақсаты – студенттердің жеке қасиеттерін, сондай-ақ туризм және іс-шараларды ұйымдастыру саласында басқару жөнінен білімдерін, біліктері мен дағдыларын қалыптастыру

«Туризм және ивент-менеджмент» ББ түлегінің кәсіби қызмет саласы: туризм және қонақжайлылық индустриясы; іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру.

Оқу мерзімі: 3 жыл

Түлектің кәсіби қызмет саласы: туристік саланы ұйымдастыру; ивент индустрия саласында; қонақтарды қабылдау, бөлу, қызмет көрсету және тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

Білім беру бағдарламасы түлегінің кәсіби қызметінің түрлері: Туристік бағыттардың менеджерлері; Туристік өнімді қалыптастыру жөніндегі менеджер; Агенттіктің ивент менеджері; Іс-шараларды ұйымдастырушы; Жергілікті және халықаралық туристік ұйымдардың қызметкерлері; Ойын-сауық, көлік, спорт компанияларындағы мамандар; Мәдени және спорттық іс-шараларды ұйымдастырушылар; Туристік бағыттардың менеджерлері; Этнотуризм менеджерлері.

Оқыту тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

6В11190 – Travel Management and Data Analysis

«Travel Management and Data Analysis» білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты туризм индустриясында білімі, біліктілігі және деректерді талдау дағдылары бар білімді мамандарды даярлау болып табылады.

Оқу мерзімі: 3 жыл

Түлектің кәсіби қызмет саласы: Деректер талдаушысы; Контент-стратегия маманы; Өнім менеджері; Нарық қажеттілігін болжау.

Маршруттар мен қызметтерді жоспарлау және оңтайландыру үшін деректерді талдау және өңдеу, демалыс пен белсенділікті ұйымдастыру саласындағы қызметтерді басқару және тиімділігін арттыру стратегияларын әзірлеу, сондай-ақ тұтынушылардың сұранысы мен мінез-құлқын зерттеу үшін аналитикалық құралдарды пайдалану түлектердің кәсіби қызметінің пәндері болып табылады. Бұл аспектілер тұтынушылардың тәжірибесін жақсартуға және логистикалық процестерді оңтайландыруға бағытталған ұсыныстарды қалыптастыру үшін деректерді жинауды, талдауды және түсіндіруді қамтиды.

Білім беру бағдарламасы түлегінің кәсіби қызметінің түрлері: Туризмдегі деректерді талдау жөніндегі маман; Туристік саладағы цифрлық маркетинг жөніндегі менеджер; Саяхатқа арналған цифрлық инновациялар саласындағы талдаушы; Деректер негізінде туристік қызметтерді оңтайландыру жөніндегі стратегияларды әзірлеуші; Туризмде IT-шешімдерді енгізу жөніндегі менеджер; Туризмдегі маркетингтік зерттеулерге арналған үлкен деректерді талдаушы; Туризмдегі цифрлық трансформация саласындағы жобаларды басқару жөніндегі маман; Брондау және саяхатты басқару үшін цифрлық платформалар бойынша сарапшы; Қонақжайлылықтағы цифрлық интеграция және процестерді автоматтандыру бойынша кеңесші; Даму және туристік қосымшалар мен сервистердегі пайдаланушы деректерін талдау; Туристік компаниядағы талдау және деректер бөлімінің басшысы.

Оқыту тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок