
AlmaU Erasmus+ бағдарламасы аясындағы академиялық алмасу бағдарламаларына 2026-2027 оқу жылының күзгі семестріне қатысу үшін конкурс жариялайды.
Алмасу бағдарламасына қатысу халықаралық академиялық тәжірибе алу, кәсіби мүмкіндіктерді кеңейту, тіл дағдыларын дамыту, жаңа таныстықтар жасау және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру мүмкіндігін береді.
Қатысуға бакалавриаттың 1-2 курс студенттері шақырылады.
Конкурс аясында әр серіктес университетте бір орын қарастырылған:
-
University of Rijeka (Хорватия) – 1 орын
-
RISEBA University of Applied Sciences (Латвия) – 1 орын
Конкурсқа қатысу шарттары:
-
жасы 18-ден кем болмауы керек;
-
GPA 3.0 және одан жоғары;
-
академиялық қарызы болмауы керек;
-
ағылшын тілінің деңгейі кемінде B2 (Upper-Intermediate).
Қажетті құжаттар:
-
ағылшын тіліндегі мотивациялық хат;
-
2-4 ұсыныс хат (оқытушылардан, декандардан немесе жұмыс берушілерден);
-
ата-ана немесе қамқоршының келісімі;
-
академиялық транскрипт.
* Ресейдегі серіктес университеттерге өтінім беретін студенттер мотивациялық және ұсыныс хаттарын орыс тілінде тапсырады.
Конкурс 2026 жылдың 15 наурызына дейін ашық (қоса есептегенде).
Өтінімдер онлайн түрде жеке кабинет арқылы тапсырылады (кіру AlmaU – Almaty Management University арқылы).
Өтінім формасы:
https://forms.office.com/TiE7w0uEcu
Құжат үлгілері және қолжетімді серіктес университеттердің тізімі:
https://almauedu-my.sharepoint.com/:f:/g/personal/global_almau_edu_kz/IgBwIYIE7KugSLRmI6738KJnAcGUiFYIpNtCIxL3yXTP_IE?e=tVdrijConnect your OneDrive account
Сұрақтар бойынша байланыс:
📍 101 кабинет (жұмыс күндері, 9:00-18:00)
📲 Telegram: Global AlmaU