AlmaU Қамқоршылық кеңесінің құрамына екі жаңа өкіл – Болат Бидахметұлы Жәмішев, «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры және Қайрат Тақирұлы Балықбаев, цифрлық трансформация жөніндегі сарапшы, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұрынғы орынбасары, Jusan Mobile компаниясының бұрынғы бас директоры, AlmaU түлегі енді.

Болат Бидахметұлы Жәмішев – мемлекет қайраткері, экономист, экономика ғылымдарының кандидаты, қаржы, банк ісі және корпоративтік басқару саласындағы сарапшы.
Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры, «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі және Қазақстанның Ұлттық конькишілер федерациясының Құрметті президенті қызметтерін атқарады.
Әр жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрі (2007-2013), Өңірлік даму министрі (2013-2014), Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрағасы қызметтерін атқарған. 2014–2019 жылдары «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы, ал 2022-2025 жылдары «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы болған. KEGOC, «Қазақтелеком» АҚ және «Қазақстан темір жолы» АҚ сияқты ірі ұлттық компаниялар мен қаржы институттарының директорлар кеңестерінде көпжылдық жұмыс тәжірибесіне ие. III дәрежелі «Барыс», «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.

Қайрат Тақирұлы Балықбаев – цифрлық трансформация, телекоммуникация, корпоративтік және мемлекеттік басқару салаларының сарапшысы, AlmaU түлегі. Халықаралық бизнес академиясында (AlmaU) «Корпоративтік менеджмент» мамандығы бойынша MBA дәрежесін алған. Сонымен қатар экономикалық кибернетика және мұнай-газ ісі салаларында жоғары білімі бар.
Әр жылдары Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі (2017-2019) және Сауда және интеграция вице-министрі (2022-2024) қызметтерін атқарған. Еуразиялық даму банкінде басқарушы директор болып жұмыс істеп, Цифрлық бастамалар қорына жетекшілік еткен. 2024-2025 жылдары «Jusan Mobile» АҚ Басқарма төрағасы, ал 2025-2026 жылдары компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы болған. Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да басшылық қызметтер атқарып, ақпараттық технологиялар мен телекоммуникацияларды дамытуға және компанияның цифрлық трансформациясына жетекшілік еткен. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу мен іске асыруға, цифрлық инфрақұрылым мен электрондық үкіметті дамытуға тікелей қатысқан. «Үздік цифрландырушы» және «Құрметті байланысшы» төсбелгілерін қоса алғанда, мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған.
AlmaU Қамқоршылық кеңесінің жаңа мүшелерін құттықтай отырып, олардың университеттің стратегиялық міндеттерін іске асыруға, білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, сондай-ақ кәсіби және сарапшылық қауымдастықпен ынтымақтастықты нығайтуға белсенді үлес қосатынына сенім білдіреді.
AlmaU Қамқоршылық кеңесі туралы
Қамқоршылық кеңес – AlmaU-дың стратегиялық басымдықтарын айқындауға қатысатын және оларды іске асыруға жәрдемдесетін алқалы орган. 2026 жылғы қазан айындағы жағдай бойынша оның құрамына Қазақстан, Сингапур және Қытай елдерінің бизнес, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік және академиялық орта өкілдерінен, сондай-ақ университеттің негізін қалаушысы мен ректорынан тұратын 11 өкіл кіреді.
Кеңестің негізгі міндеттері – университет стратегиясын қалыптастыруға және оның іске асырылуын бақылауға қатысу, қаржыландыру көздерін тартуға және эндаументті дамытуға жәрдемдесу, студенттер мен әлеуметтік бастамаларды қолдау, бизнеспен және шетелдік университеттермен әріптестікті нығайту, сондай-ақ AlmaU-дың білім беру, ғылыми және цифрлық трансформациясына сараптамалық қолдау көрсету.