Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Calvin University (Корея) делегациясының AlmaU-ға сапары

29.07.2025

2025 жылдың 29 шілдесінде Calvin University (Оңтүстік Корея)* университет президенті Dr. Hwang Kun-Young бастаған делегациясы AlmaU-ға ресми сапармен келді. Бұл сапар IAUP** конференциясында (Йоханнесбург университетінде өткен) басталған таныстықтың жалғасы болды, сол жерде тараптар алғаш рет серіктестік орнату мүмкіндігін талқылады.

Делегация құрамында:

  • Dr. Hwang Kun-Young – Calvin University президенті
  • In-Cheon Yeou – халықаралық байланыстар жөніндегі декан
  • Prof. Han Nelly – аудармашы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ профессоры

AlmaU атынан қонақтарды қарсы алғандар:

  • Шолпан Тазабек – жаһандық әріптестік жөніндегі проректор
  • Алия Ақпаева – Халықаралық ынтымақтастық басқармасының директоры
  • Тимур Булдыбаев – AlmaU бірінші проректоры

Кездесу барысында тараптар студенттер мен оқытушылар алмасу, бірлескен академиялық бағдарламалар мен шетелдік сапарларды ұйымдастыру сияқты болашақ ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Сондай-ақ өзара түсіністік туралы меморандумға (MoU) қол қою мәселесі де қаралды. AlmaU мен Calvin University Оңтүстік Кореядағы алдағы кездесуде әріптестік туралы келісімді ресми түрде бекітуге дайын екендіктерін білдірді.

Тараптар 2025 жылдың 13–15 қазанында Сеулде (Корея Республикасы) өтетін IAUP конференциясы аясында AlmaU президенті д-р Асылбек Қожахметов пен Calvin University президенті арасында жеке кездесу ұйымдастыруға ниет білдірді. Екі университет президенттері арасындағы жылы қарым-қатынастар тұрақты әрі нәтижелі әріптестіктің сенімді негізі болып табылады.

Calvin University сапары AlmaU мен Оңтүстік Корея университеттері арасындағы байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам болды. AlmaU халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып, студенттері мен оқытушыларына жаһандық сапалы білім мен академиялық мүмкіндіктерге қол жеткізуге жағдай жасауда.

Анықтама:

Calvin University – Оңтүстік Кореяның Ёнъин қаласында орналасқан жеке университеті. Университет бакалавриат және магистратура деңгейінде халықаралық бизнес, менеджмент, IT, педагогика, теология және музыка бағыттары бойынша білім береді.

IAUP (International Association of University Presidents) – 1964 жылы құрылған университет президенттерінің халықаралық қауымдастығы. Бұл жоғары оқу орындарының басшылары арасындағы тәжірибе алмасуға арналған жаһандық платформа. Келесі конференция 2025 жылдың 13–15 қазанында Сеул қаласында өтеді.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок