Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Душанбеде Rectors’ Club: Central Asia+ VII отырысы өтеді

14.04.2026

2026 жылғы 14-18 сәуір аралығында Тәжікстанның Душанбe қаласында UI GreenMetric серіктестігімен «Тұрақты даму жолындағы ынтымақтастық: Green. Digital. Smart» атты халықаралық форум өтуде. Форум аясында 15 сәуір күні Тәжікстанның Халықаралық туризм және кәсіпкерлік университетінде Rectors’ Club: Central Asia+ VII отырысы ұйымдастырылады. Бұл кездесу саммиттің жалғасы ретінде өтіп, талқылауды Орталық Азия университеттеріне бағытталған қарқынды стратегиялық диалог форматына көшіреді. 

«Болашақ университеттері: Green. Digital. Smart» саммитімен өзара байланыс жоғары білімнің жаһандық трансформациясы мәселелеріне өңірлік күн тәртібін ықпалдастыруға мүмкіндік береді. 

AlmaU – Rectors’ Club-дың ұйымдастырушысы. AlmaU делегациясының құрамында ректор Тимур Булдыбаев, жаһандық әріптестік жөніндегі проректор Шолпан Тазабек, Білім беру институты директорының орынбасары Мадьяр Макатов, Халықаралық ынтымақтастық басқармасының директоры Алия Ақпаева бар.  

Президент пен ректордың білім беру трансформациясы және халықаралық даму жөніндегі стратегиялық кеңесшісі, Global Education Futures негізін қалаушысы, Learning Planet Institute-тің қауымдастырылған зерттеушісі және World Academy of Art and Science мүшесі Павел Лукша «Жасанды интеллект дәуіріндегі жоғары білім трансформациясы: Орталық Азия университеттері үшін сын-қатерлер» тақырыбында негізгі спикерлердің бірі ретінде сөз сөйлейді. 

Іс-шара спикерлерінің қатарында сондай-ақ Тристан МакКоуэн, University College London Білім беру институты деканының халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары, профессор, және Эльмира Карманова, Алматы даму орталығының жобалар жөніндегі бас менеджері, «КОМУНИТИПЛЮС» қорының тең құрылтайшысы және «Комунити» ЖШС-нің бас директоры бар. 

Душанбеде кездесудің өткізілуі өңірлік диалогты кеңейтіп, “Rectors’ Club: Central Asia+” платформасының ұжымдық көшбасшылық алаңы ретіндегі позициясын нығайтады. 

“Rectors’ Club: Central Asia+” клубы – Орталық Азия мен серіктес елдердегі жоғары білімнің болашағын қалыптастыру мақсатында университеттердің президенттерін, ректорларын, проректорларын және сарапшыларын біріктіретін стратегиялық өңірлік диалог алаңы. Клуб теңдік, сенім және ынтымақтастық қағидаттарына негізделе отырып, серіктестіктерді дамытуға, ашық диалогты ілгерілетуге және өңір университеттерін жаһандық деңгейде танытуға ықпал етеді. 

2023 жылғы маусым айынан бастап “Rectors’ Club: Central Asia+” клубының алты кездесуі Орталық Азия елдерінде өткізілді: Қазақстанда (Алматы), Өзбекстанда (Бұхара, Ташкент), Қырғызстанда (Бішкек) және Әзербайжанда (Баку). 

Жасыл және цифрлық экономикаға көшу жағдайында университеттер жаңа құзыреттер мен жұмыспен қамту модельдерін қалыптастыруда негізгі акторларға айналуда. “Rectors’ Club: Central Asia+” VII отырысының мақсаты – Орталық Азия университеттерінің болашақ кадрларды даярлаудағы және өңірдің тұрақты экономикаларын дамытудағы рөлін талқылау, сондай-ақ бірлескен іс-қимылдардың бағыттарын айқындау. 

 

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок