Құрметті талапкерлер!
«Қаржы» бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша Freedom Insurance гранттар конкурсына қатысқандарыңыз үшін әрқайсыңызға алғысымызды білдіреміз. Конкурстың екінші кезеңі сәтті аяқталғанын хабарлаймыз.
Төменде конкурстың үшінші кезеңіне – өткен қатысушылардың тізімі берілген.
Freedom бакалавриат 2 тур қорытындысы
3-кезеңнің өтетін күні: 2026 жылғы 3 тамыз, сағат 10:00-ден бастап.
Әңгімелесу MS Teams платформасында онлайн форматта өтеді.
🔗 Қосылу сілтемесі:
https://teams.microsoft.com/meet/462192804602697?p=KIE2Qt9lMt3gCrGgd3
MS Teams қосымшасын алдын ала орнатып, конференцияға қосыла алатыныңызды тексеруіңізді сұраймыз.
Байланыс сапасын, микрофон мен камераның жұмысын тексеру үшін әңгімелесуге 15 минут бұрын қосылуыңыз қажет.
Маңызды ақпарат!
Әр қатысушыға арналған әңгімелесу ұзақтығы шамамен 10 минутты құрайды.
Үшінші кезеңге дейін бірнеше күн бұрын AlmaU-дың ресми Telegram арнасында (https://t.me/almauforyou) кестесі жарияланады. Онда әр қатысушының жеке күні, уақыты және қажет болған жағдайда қосылу сілтемесі көрсетіледі.
Егер MS Teams платформасына қосылуға қатысты техникалық мәселелер туындаса, оларды әңгімелесу күніне қалдырмай, қосымша мен құрылғылардың жұмысын алдын ала тексеруді ұсынамыз.
Олимпиада нәтижелеріне қатысты барлық сұрақтар бойынша d.khazin@almau.edu.kz электрондық поштасына хабарласа аласыз.