Құрметті магистратураға түсушілер!
«Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша Freedom Insurance гранттар конкурсына қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Конкурстың бірінші кезеңі сәтті аяқталғанын хабарлаймыз.
Төменде конкурстың екінші кезеңіне – әңгімелесуге өткен қатысушылардың тізімі берілген.
Сілтеме:
Freedom магистратура 1 тур (қорытындылар)
- Әңгімелесу өтетін күндер: 2026 жылғы 4–5 тамыз, сағат 10:00-ден бастап.
- Әңгімелесулер MS Teams платформасында онлайн форматта өтеді.
🔗 Қосылу сілтемелері:
1-күн (04.08):
https://teams.microsoft.com/meet/429914887528133?p=1BaJQwSrJhlFvKsfvw
2-күн (05.08):
https://teams.microsoft.com/meet/495087348336584?p=HXbUQ3cxkqSGnmrdSc
MS Teams қосымшасын алдын ала орнатып, конференцияға сәтті қосыла алатыныңызды тексеруіңізді сұраймыз.
- Байланыс сапасын, микрофон мен камераның жұмысын тексеру үшін белгіленген уақыттан 15 минут бұрын қосылуыңыз қажет.
Маңызды ақпарат!
- Әр қатысушыға арналған әңгімелесу ұзақтығы шамамен 10 минутты құрайды.
- Екінші кезең басталардан бірнеше күн бұрын әр қатысушының жеке қосылу уақыты көрсетілген әңгімелесу кестесі жарияланады.
- Веб-камераны пайдалану міндетті. Комиссия әңгімелесу барысында қатысушыны толық көріп отыруы тиіс. Камера қосылмаған жағдайда II кезеңнен өту мүмкін болмайды.
- Алдын ала тыныш жұмыс орнын, тұрақты интернет байланысын, жеткілікті жарықты, сондай-ақ дұрыс жұмыс істейтін микрофон мен камераны дайындаңыз. Автокөліктен, қоғамдық орындардан немесе бөгде шу мен байланысқа кедергі келтіруі мүмкін басқа орындардан қосылмауларыңызды сұраймыз.
- Өздеріңізге белгіленген қосылу уақытын мұқият қарап шығып, кешікпеулеріңізді сұраймыз. Белгіленген уақытта қатыспау немесе кешігу әңгімелесуден өту мүмкіндігіне әсер етуі мүмкін.
- Егер MS Teams платформасына қосылуға қатысты техникалық мәселелер туындаса, оларды әңгімелесу күніне қалдырмай, қосымша мен құрылғылардың жұмысын алдын ала тексеруді ұсынамыз.
- Әңгімелесудің жеке кестесі II кезеңге дейін бірнеше күн бұрын almau_edu ресми ақпараттық алаңдарында қосымша жарияланады.
Олимпиада нәтижелеріне қатысты барлық сұрақтар бойынша d.khazin@almau.edu.kz электрондық поштасына хабарласа аласыз.