Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Global AlmaU Ханчжоуда!

01.07.2025

12 мен 25 маусым аралығында AlmaU университетінің әртүрлі білім беру бағдарламаларынан 18 бакалавриат және магистратура студенттері Қытайдың Ханчжоу қаласындағы Zhejiang University of Finance and Economics (ZUFE) университетінде өткен жазғы мектепке қатысты.

Екі аптаға созылған мазмұнды академиялық бағдарлама барысында қатысушылар:

▪️ Қытай экономикасының дамуы және трансшекаралық электрондық коммерция бойынша дәрістерге қатысты
▪️ Қытай тілін: иероглифтерді, фонетиканы, грамматиканы және HSK емтиханына дайындықты үйренді
▪️ Кәсіпкерлік, мәдениет және мәдениетаралық коммуникация бойынша семинарларға қатысты

 

Мәдени бағдарлама аясында студенттер:

▪️ Жібек мұражайына және Сиху көліне (West Lake) экскурсия жасады
▪️ Қытай ұлттық костюмдері, каллиграфия, қағаз қиындысы және театрлық бет бояуы бойынша шеберлік сағаттарына қатысты
▪️ Хайнин тері өндірісі қалашығына және Цяньтан өзеніне барды
▪️ “China in your eyes” атты жарқын презентация ұйымдастырды

Сонымен қатар Hangzhou Sci-Tech City технологиялық көрмесіне экскурсия, China AI Town-ға және Tianmushan зертханасына бару, сондай-ақ Шанхайға – Oriental Pearl мұнарасы мен Нанкин көшесіне ұмытылмас саяхат ұйымдастырылды.

Бұл жазғы мектеп көптеген студенттер үшін Қытай мәдениетіне, білім беру жүйесіне және іскерлік ортаға алғашқы терең бойлау болды. ZUFE жазғы мектебі – бұл тек білім ғана емес, сонымен қатар шабыт, жаңа достар мен көкжиегіңді кеңейту мүмкіндігі!

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок