Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

ICF Қазақстан бөлімшесі AlmaU қабырғасында Халықаралық коучинг апталығын ашты

19.05.2025

2025 жылдың 16 мамырында Almaty Management University (AlmaU) университетінде еліміздегі Халықаралық Коучинг Федерациясының (ICF) ресми өкілі – ICF Қазақстан бөлімшесінің ұйымдастыруымен Халықаралық коучинг апталығының салтанатты ашылуы өтті. Биылғы жыл – Федерация үшін ерекше: ICF-тің жаһандық деңгейде әсер етіп келе жатқанына 30 жыл толса, Қазақстандағы бөлімшенің құрылғанына 5 жыл. AlmaU бұл шараның бас серіктесі ретінде үшінші жыл қатарынан алаң ұсынып, кәсіби коучтер қауымдастығын, жетекші компаниялардың HR-директорларын және бизнес-сарапшыларды біріктіретін маңызды іс-шараның өтуіне мүмкіндік жасап отыр.

Анықтама:

«ICF Қазақстан бөлімшесі» қоғамдық бірлестігі – Қазақстан Республикасында ресми тіркелген ұйым. Бұл ұйым әлемнің 155 елінде өкілдігі бар, кәсіби коучтерді біріктіретін ең ірі халықаралық ұйым – International Coaching Federation (ICF) құрамына кіреді. Бөлімшенің миссиясы – коучингті танылған кәсіби бағыт ретінде ілгерілету, жергілікті нарықта коучингке деген сенімді нығайту және халықаралық стандарттарды енгізу.

ICF Қазақстан бөлімшесінің негізгі мақсаттары:

  • Қазақстанда коучингтің имиджін арттыру;
  • Коучинг стандарттарын мемлекеттік тілге бейімдеу;
  • Халықаралық стандарттарға сай коучтер қауымдастығын қолдау және дамыту;
  • Қоғам игілігіне бағытталған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру.

Салтанатты ашылу барысында AlmaU ректоры Гүлнара Куренкеева құттықтау сөз сөйлеп, университет коучингті көшбасшылық қабілетті дамытудың маңызды құралы ретінде қолдайтынын атап өтті. Ол адам капиталы мен тұлғалық дамуға бағытталған жобаларды алдағы уақытта да қолдауға дайын екенін жеткізді.

ICF Қазақстан бөлімшесінің директорлар кеңесі мен өкілдері коучингті қазақ тіліне бейімдеу, сертификаттауға қолжетімділікті арттыру, мамандықты насихаттау және қауымдастықтың PR бағыттарын дамыту сынды стратегиялық басымдықтар жайлы баяндап берді.

Бағдарламаның маңызды бөлігі ICF стандарттарын енгізіп жүрген компаниялар өкілдерінің сөз сөйлеуі болды:

Мира Кудерова – Team Lead, Leadership Development, ТШО (Tengizchevroil);
Айнұр Аманжолова – HRD, BAT Kazakhstan;
Александра Драчева – Бюджет және келісімшарттар бөлімінің бастығы, КПО;
Саманта Беркалиева – HR директор, этика және сәйкестік елшісі, Alstom Kazakhstan;
Гүлзира Рамазанова – HR бөлімінің жетекшісі, Gedeon Richter.
Олар кадрларды басқаруда коучинг тәсілін қолдану және көшбасшылық әлеуетті дамыту бойынша нақты тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ, «Құндылықтар арқылы басқару: коучинг – корпоративтік мәдениеттің құралы ретінде» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Оған қатысқан спикерлер:

Александра Штопель – персонал және таланттарды басқару директоры, Air Astana;
Айгүл Қуатқызы – басқарушы директор, «Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниясы;
Валерия Юдина – «Eurasia Education» басқару директоры, Евразия Групп Қазақстан;
Сағыныш Қалбаева – Learning & Development, TCO Coaching Network, ТШО;
Шолпан Ыбышева – маркетинг тобының жетекшісі, BASF Central Asia.

Олар құндылықтарға негізделген корпоративтік ортаны қалыптастырудағы коучингтің рөлі туралы пікір алмасып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Халықаралық коучинг апталығы аясында келесі негізгі тақырыптар ұсынылды:

  • Коучингті психологиялық практикаға интеграциялау;
  • Командалық және топтық коучинг;
  • Нейротәсілдер арқылы коучтің жеке брендін дамыту.


Шара барысында ТМД аумағында алғаш рет түсірілген коучингке арналған деректі фильм – «Өзіңе апарар жол» қонақтар назарына ұсынылды. Бұл фильм ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналарына қолдау көрсетуге бағытталған «Mama Pro» қорының әлеуметтік жобасына арналған. Сонымен қатар, ICF Этикалық кодексі, Негізгі құзыреттер мен қазақтілді «Коучпен өткен бір сағат» подкастының транскрипциясы енгізілген, қазақ тіліндегі алғашқы коучинг кітабының тұсаукесері өтті.

Almaty Management University осы маңызды халықаралық бастамаға қатысқанына қуанышты және коучингті қазіргі заманғы білім беру және корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде дамытуды жалғастырады.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок