Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

17 желтоқсанда Имантаудағы алғашқы шаңғы өткелі өтпек

2023 жылдың 17 желтоқсанында «Зейнеп» жоғары көпсалалы колледжі AlmaU университетімен бірлесе отырып Имантау-Шалқар курорттық аймағында алғашқы мұз өткелін ұйымдастырмақ. Сапардың басты мақсаты – қысқы туризм мен спортты дамыту және жастарды белсенді өмір салтына тарту. Имантаудағы алғашқы шаңғы өткелі – жыл сайын өткізілетін «Ұлы Балқаш шақырады!» мұз өткелінің жалғасы.

Алғашқы шаңғы өткелі кезінде түрлі қысқы спорттық жарыстар өткізіледі: шаңғы тебу, садақ ату, шанамен сырғанау және коньки тебу. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар үшін арнайы шеберлік сыныптары қарастырылған. Кәсіп бастаймын дегендерге ауылда қандай кәсіп бастауға болатыны жайлы ақпарат ұсынылып, турист қабылдағысы келсе қонақ үйлерді қалай ашып, басқару болатыны түсіндіріледі. Онымен қоса бал жасау техникасы мен сауықтыру массажының әдістері көрсетіледі. Колледж студенттері іс-шараны өткізуге қолдау көрсетпек.

Айта кетерлігі, «Зейнеп» колледжі – 2022 жылы AlmaU-дың негізін қалаушыларының қолдауымен Лобановский ауылдық колледжінің негізінде құрылған оқу ордасы.
Имантаудағы алғашқы шаңғы өткелі туризмнің дамуына ықпал етіп қана қоймай, қоғамның әлеуметтік құрылымын нығайтады және әлеуметтік интеграцияны қолдайды деген сенімдеміз.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок