Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Ahmad Tea: Rich Tea түйіршікті шайына алғашқы көз қарас

Қонақжайлылық және туризм мектебінің «Weddings, Festivals and Exhibitions» пәнінің аясында Виджита Б. Хеттиараччидің «Ahmad Tea Kazakstan» атты дәрісі өтті. Студенттер компанияның инновациялық өнімі Rich Tea түйіршікті шайының бірінші болып дәмін татты.

Ahmad Tea Emirates зауытының аға шай менеджері Виджета Б Хеттиараччи шай индустриясындағы 26 жылдық тәжірибесінмен бөлісті. Оның міндеті – шай сапасын бағалау және анықтау. Ahmad Tea компаниясының ішкі ережелеріне сәйкес шайдың басқа елдерге жіберілуі шай менеджері мақұлдағаннан кейін ғана іске асады.

Виджета күн сайын 450-500 шыныаяқ шайдың әртүрлі сортын бағалайды. Бұл компанияға жоғары сапа стандарттарын сақтауға және бірегей дәмдік композицияларды ұсынуға мүмкіндік береді. Ahmad Tea өз өнімдерін әлемнің 80-нен астам еліне экспорттай отырып, әлемдік шай нарығындағы көшбасшылардың бірі болды.

Ahmad tea Kazakhstan компаниясының дәрісі өте қызықты әрі танымды өтті.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок