21 қараша 2024 жылы AlmaU Медиа және Кино мектебі коммуникация жөніндегі сарапшы Алишер Еликбаевпен кездесу ұйымдастырды. Іс-шара Atrium AlmaU-да өтті және жеке брендті қалыптастыру мен дамыту тақырыбына қызығушылық танытқан студенттерді, оқытушыларды және басқа қатысушыларды жинады.
Мансап және жетістіктер
Алишер Еликбаевтың Astana Group-та 18 жылдық тәжірибесі бар. Еңбек жолын Mega сауда орталығында PR-менеджер болып бастаған және уақыт өте келе коммуникация саласындағы сұранысқа ие мамандардың біріне айналды. Бүгінде сарапшы Astana Group президентінің кеңесшісі қызметін атқарады, Chocofamily компаниясының топ-менеджмент командасының құрамына кіреді және өзінің жеке бренді мен блогын белсенді түрде дамытуда, ол өзінің саяхаттары туралы оқиғалармен бөліседі.
Спикердің айтуынша, табысының едәуір бөлігі (шамамен 90%) Instagram-дағы жарнамадан келеді. Мұндай нәтижеге аккаунтын дұрыс басқару арқасында қол жеткізген, оның парақшасында 256 мыңнан астам жазылушы бар.
Жеке бренд – ресурс және инвестиция
Өз баяндамасында Алишер Еликбаев қазіргі уақытта жеке бренд маңызды ресурс екенін атап өтті. Бұл тек қаржылық пайда әкеліп қана қоймай, аудиторияның сенімі мен құрметін арттырады.
“Бүгінгі күні табыстың негізгі өлшемі – сіздің қаншалықты танымал және құрметті екендігіңіз. Қазіргі қоғам мейрамханаларды, емханалар мен қызметтерді иелерінің ұсыныстары мен беделіне сүйене отырып таңдайды. Біріншіден, жеке бренд қалыптасады, содан кейінаудитория сіздің барлық бағыттарыңызды қолдайды” – деді Алишер Еликбаев.
Жеке брендті дамытудың мақсаттары
Алишер Еликбаев жеке брендті дамытудың келесі негізгі артықшылықтарын атап өтті:
- Танымалдық– аудитория сіздің атыңызға сенеді;
- Қаржылық пайда – танымалдық өскен сайын табыс артады;
- Репутацияның әсері – тұтынушылар беделі бар бренд үшін көбірек төлеуге дайын;
- Қауіпсіздік – аудитория сізді қорғауға дайын.
Инфлюенсерлердің жауапкершілігі
Спикер, инфлюенсер болудың үлкен жауапкершілік екенін атап өтті:
«Сіз, өзіңізге сенетін кең аудиториямен жұмыс істейсіз. Әрбір сөзіңізге мұқият болу өте маңызды».
Кездесу барысында Еликбаев кәсіпкерлердің әртүрлі тәжірибелерімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Ең қызықты әрі мазмұнды сұрақ қойған қатысушыларға спикер пайдалы кітаптар сыйлады. Іс-шара тыңдаушыларға медиа, жеке брендинг және инфлюенс-маркетинг саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беріп, есте қаларлық әсер қалдырды.