Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU-ға 35 жыл: AlmaU жайлы қызық 35 факт

  1. AlmaU –1988 жылы құрылған оқу орны. 2023 жылдың желтоқсанында 35 жылдығын тойлайды.
  2. Университет қалыптасудың үш кезеңін бастан өткерген. О баста Алматы менеджмент мектебі ретінде құрылған. Сосын халықаралық бизнес академиясы болып дамыған. 2015 жылдан бастап AlmaU брендімен танымал.
  3. Оқу орны тұрған жерде кезінде теледидар шығаратын зауыт жұмыс істеген.
  4. 1997 жылдың 1 қарашасында Омарова Күләш, 1999 жылдың 16 қарашасында Калмаков Денис Алматы менеджмент мектебінің алғашқы қызметкерлері болып тіркелген.
  5. Төрт қабаттың да сәнін келтіріп отырған суреттердің шетінде «Шеге» деген жазуды байқаған шығарсыз. Бұл – талантты суретші Владимир Гвоздевтың лақап аты.
  6. Қазіргі Атриум холының орнында көлік қоятын тұрақ болған.
  7. AlmaU-дың логотипінде алма бейнеленуі бекерден бекер емес. Себебі университет төртінші алма (Өмір ағашының алмасы, Ньютонның алмасы, Стив Джобстың алмасы ) болуды мақсат тұтқан.
  8. AlmaU-дың әнұранын студенттердің өздері шығарып бейнебаян түсірген.
  9. Аулада тұрған жасыл шыршаларды DBA бағдарламасының түлектері отырғызған.
  10. 2010 жылдан 2011 жылға дейін қазақ тілін үйренгісі келетіндерге арналған «Ұлытау» мәдени-лингвистикалық лагері ұйымдастырылған. Алғашқы қатысушылардың саны 83 адамға жеткен.
  11. 2012 жылы астыңғы қабаттың еденінде акула бейнеленген кафель төселген. Себебі университет студенттері өздерін «бизнестің жас акулалары» ретінде көрген. Айтпақшы, ол кафельдер әлі сақталған.
  12. Сол жылдары үзіліс кезінде маңызды хабарламалар жасайтын радио жұмыс істеген.
  13. Дидар Марданов 21 жасында декан атанған «ең жас декан» ретінде танымал болды.
  14. AlmaU 2011-12 жылдары алғашқы болып студенттерге агит-бригада қатарында жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Кейін абитуриенттерді тартудың бұл моделін қалған республикалық оқу орындары көшірді.
  15. «Капитал» КВН командасы Сочидегі, Бакудегі ойындарға қатысып, жүлделі орындар иемденген.
  16. 2015 жылы Алматы Марафонына университет атынан рекордты қатысушы – 700 адам тіркелді.
  17. 2016 жылы AlmaU-дың 40 жылдығында ашылады деген ниетпен капсула жасырылады. 2028 жылы ол капсула Атриумның қабырғасынан алынады.
  18. AlmaU университеттердің алды болып инфрақұрылымды мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап ыңғайлы етіп жасауға күшін салды.
  19. Тұңғыш рет «Неограниченные возможности» бағдарламасын іске қосты. Соның аясында кәсіпкерлікке қызыққан мүмкіндігі шектеулі азаматтар MBA-де ақысыз негізде оқи алды.
  20. 2018 жылы университеттің 30 жылдығына орай AlmaU Mountain Club-тың ұйымдастыруымен белсенділер шыңға шықты. MBA түлегі Мақсұт Жұмаев AlmaU-дың жалауын Джомолунгке тікті.
  21. 2019 жылы «Ұлы Балқаш шақырады!» жобасы іске асты.
  22. AlmaU-да үзіліссіз білім беру жүйесі қалыптасқан: балабақша-мектеп-колледж-университет.
  23. 2021 жылы Arizona State University AlmaU-дың сенімді серіктесі атанды.
  24. 2023 жылы MBA түлегі Ержан Төреқұлов AlmaU FM радиотолқынын іске қосты. Толқынға қосылған кез келген адам бизнес әлемімен жақынырақ танысып, маңызды жаңалықтарды естіп табысты кәсіп жасауға көмектеседі.
  25. Бүгінгі күні университетте 13 студенттік клуб жұмыс істейді.
  26. Университеттің өз омбудсмені бар. Оған студенттер де, оқытушылар да келіп көмек сұрай алады.
  27. Жаңа жыл қарсаңында «Я с тобой» балалар хосписіндегі бүлдіршіндердің армандарын орындауға мүмкіндік туады. Балалардың армандары жазылған тізіммен танысып сыйлық алып қуанта аласыз. Бұл игі істің бастамашысы – Константин Хоменко.
  28. Пәленшеев Жалғас университеттегі қызметімен қатар баһадүрлер театрындағы актерлығын алып жүр. Оның бойы – 2 м 10 см.
  29. 2022 жылы кәсіпкер студенттерді қолдау мақсатында «Store Day» өткізілді. Бұл күні барша жас өз кәсібімен таныстырып, өнімін сатуға қоя алды.
  30. AlmaU-да барша қала жұртшылығына есігі ашық «QAYNAR BULAQ» жұмыс істейді. Бұл жерге келген кез келген азамат кәсіби білім алып, жұмсақ дағдыларын дамытып мазалаған сұрақтарға эксперттерден жауап ала алады.
  31. Университеттің өз музыкалық студиясы бар.
  32. AlmaU-да, жалпы, 447 адам еңбек етеді.
  33. Қызметкерлер арасында тату-тәтті 3 жұп бар.
  34. 35 жылдыққа орай түлектердің жетістік оқиғалары жазылған «Секреты успеха Jurttyn balasy» кітабы жазылып шықты.
  35. Бұл фактіні жазу сіздің еншіңізде болсын. Тізімге енбеген ерекше, қызық деректі жазып, #AlmaU хештегін белгілеп, әлеуметтік желіңізге салыңыз.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           Келе жатқан мерейтой құтты болсын!
Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок