6-11 қазан аралығында AlmaU Wroclaw Business University of Applied Sciences (WAB, Польша) университетінен қонақтарды қабылдады. Erasmus+ бағдарламасы аясында университетке ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Марта Дроздовска және халықаралық қатынастар жөніндегі маман Анна Пиларек келді.
Марта Дроздовска «Тұрақты көшбасшылық» және «Тұрақтылыққа қатысты әлемдік мега трендтер» тақырыптарына біздің студенттерімізге 8 сағат лекция оқыды. Лекцияға менеджмент, мейрамхана және қонақ үй бизнесі, туризм, халықаралық қатынастар және экономика, логистика мамандықтарынан студенттер тартылды қатысты. Бұл лекциялар студенттердің тұрақты даму саласындағы қазіргі тенденциялар мен қиындықтар туралы біліміне маңызды үлес болды.
Сапар барысында сонымен қатар AlmaU басшылығымен кездесулер өткізіліп, онда алдағы ынтымақтастық пен университеттер арасындағы серіктестікті нығайту перспективалары талқыланды.
Сонымен қатар, Марта Дроздовска мен Анна Пиларек AlmaU және Zhejiang University of Finance and Economics (ZUFE) университетімен бірлесіп ұйымдастырған Silk Road Business Training Program бағдарламасына қатысты. Бағдарлама Қытайдағы бизнес және қытай мәдениеті саласындағы білім мен тәжірибелік дағдылармен алмасу алаңына айналды.
AlmaU халықаралық ынтымақтастық департаменті қонақтар үшін бай мәдени бағдарлама дайындады. Қонақтар Қара шатқалда, Көлсай және Қайыңды көлдерінде, Шымбұлақ тау шаңғысы курортында болып, Алматының ғажайып көрінісі мен атмосферасын тамашалады.
Бұл сапар университеттер арасындағы академиялық және мәдени байланыстарды дамытуға септігін тигізетін халықаралық серіктестік пен тәжірибе алмасуды нығайтудағы маңызды қадам болды.