Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU-да Хикмат Абдурахмановпен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

2023 жылғы 28 қарашада AlmaU-ға Өзбекстанның Ташкент қаласында орналасқан Team University-дің негізін қалаушы Хикмат Абдурахманов келді.

Сол күні университет кампусына кең шолу жасалды, соның ішінде AlmaU жанындағы біліктілікті арттыру орталығы AlmaU Extension-ға ерекше көңіл бөлінді.

AlmaU-дың КИМ, ҚТМ, ЭҚМ бөлімшелері, AlmaU Extension, университет ректоры және коммерцияландыру жөніндегі проректор Хикмат Абдурахмановпен кездесіп, өзара ынтымақтастықтың ықтимал форматтарын талқылады.

Сонымен қатар Хикмат Абдурахманов Медиа және кино мектебі оқу мақсатында пайдаланатын «Студия 33-пен» танысты. Студия Unreal Engine қозғалтқышына негізделіп, жаңа техналогиялар көмегімен заманауи контент жасауға арналған.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстанның кәсіпкерлік университеттері арасындағы ынтымақтастықтың болашақ жоспарлары, екі елдің жоғары білімін дамыту перспективалары талқыланды.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок