Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU-да Tatishev Wing ашылды

2023 жылдың 12 желтоқсанында AlmaU-да жаңа, заманауи жабдықталған Tatishev Wing ашылды. Жоба «Е.Тәтішев атындағы «Ержан» қоғамдық қорынан және Kusto Group негізін қалаушысы, AlmaU-дың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішевтен қолдау тапты.

Tatishev Wing

Tatishev Wing

«Бүгін AlmaU университеті 35 жылдығын атап өтіп жатыр. Қамқоршылар кеңесінің төрағасы болу – мен үшін мәртебе. Университетте кәсіби бизнес-тренингтер мен оқытудың басқа да түрлерін өткізу үшін жаңа, технологиялық және заманауи қанат ашылды. Мен және менің отбасым оның Tatishev Wing деген атауға ие болғанын мақтан тұтамыз», – деді өз сөзінде Еркін Тәтішев.

 

Tatishev Wing

Tatishev Wing

Жөндеу алаңы 800 шаршы метрді құрады. Университеттің 2-қабаты толығымен өзгертілді: қабырғалары витражбен ауыстырылды, заманауи дәретханалар пайда болып, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Айта кетерлігі, таза экологиялық материалдар пайдаланылды. Ашық алаңдарды безендіру үшін «Терраса» керамикалық граниті қолданылды. Сонымен қатар суды тазарту жүйесімен жабдықталған сүзгі жұмыс істейтін болды.

Jūrttyñ balasy

Jūrttyñ balasy

«Жаңа қанатты жобалау процесі, әсіресе, оның қолданыстағы ғимараттармен интеграциясы мұқият ойластырылды. Студенттер мен оқытушыларға жайлы атмосфера  сыйлау үшін түрлі-түсті дифференциацияны қолдану – ерекше шешімдердің бірі. Университеттің айналасындағы биік ғимараттар ашық сары түсті таңдауға шабыттандырды. Күннің түсі көлеңкедегі жарқын жарықтың символына айналды, ол жігер сыйлап шабыттандырады деген үміттеміз. Ғимараттың О-пішіні қызық архитектуралық шешімнің негізі болды. Ескі ғимараттың үш қанатының әрқайсысы алма жемісінің түсіне сәйкес келеді», – деп түсіндірді жоба сәулетшісі Жанна Спунер.

Tatishev Wing

Tatishev Wing

«Алматы Менеджмент Университеті Тәтішевтер отбасына, «Е.Тәтішев атындағы «Ержан» Қоры» қоғамдық қорына, Kusto Group-қа университет кампусының дамуына қосқан үлесі үшін шын жүректен алғысын білдіреді. Бұл қанат тек кампустың ғана емес, бүкіл университеттің жаңаруының бастамасы болды», – деп атап өтті AlmaU ректоры Гүлнар Күренкеева.

Tatishev Wing ASU-дағы Thunderbird School of Global Management-пен тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін заманауи технологиялармен жабдықталған, сондай-ақ AlmaU студенттерінің оқу процесі мен қызметкерлерінің жұмысы үшін қолайлы жағдай жасайды.

Tatishev Wing-тің ашылуы білім беру процесін ұйымдастырудағы жайлылық пен заманауи тәсілдің маңыздылығын көрсетеді және университеттердің дамуын қалайтын қамқор жандардың барын айғақтайды.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок