Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU-да «Ғылым апталығы» өтуде

Ұлттық валютанын 30 жылдығын атап өту аясында AlmaU-да «Ғылым апталығы» өткізілуде.

2023 жылдың 13 қарашасында Экономика және қаржы мектебінің ұйымдастыруымен «Есеп және аудит», «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Болашақтың қаржы маманы» атты мастер-классы өткізілді. Спикерлер ретінде АССА өкілі Шкубарова А. және  АССА мүшесі Раматов Б. шақырылды.

Олар студенттерге АССА-дың кәсіби халықаралық біліктілігі, талаптары, аралық диплом мен қос диплом алу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Раматов Б. АССА-дың мүшесі ретінде студенттермен өзінің біліктілік алу тәжірибесімен бөлісті. Студенттер сарапшыларға қызықтырған сұрақтарын қойып, белсенділік танытқандары үшін түрлі сыйлықтармен марапатталды.

Сондай ақ, «Қаржы» тобының 4 курс студенттеріне сақтандыру бойынша сарапшы Тілеуғабылов О. «ҚР-да сақтандыру ісін ұйымдастыру» атты қонақ дәрісін жүргізді. Дәріс барысында спикер сақтандырудың түрлері мен мақсаттары жайлы, ҚР-дағы сақтандырудың перспективалары туралы айтып берді. Қатысушылар сарапшымен біріге отырып ҚР-дағы сақтандыруды дамыту жолдарын талқылады.

Сонымен қатар, профессор, PhD Алексей Владимирович «Экономикадағы себеп-салдарлық байланыстарды талдаудың заманауи әдістері» тақырыбында мастер-класс өткізді.

Transformative Humanities мектебінің тарих ғылымдарының кандидаты Третьякова М. «Ystyq Shelpek» жобасы аясында ғылыми баяндама жасады.

Мырзахмет М. физика-математика ғылымдарының кандидаты және ғылыми зерттеуші «Сценарийлік модельдеу бойынша оқыту сессияларын өткізу» атты ғылыми семинар өткізді. Семинарға қатысушылар өздерін белсенді көрсетіп, түрлі сұрақтар қойып отырды.

Ал 2023 жылдың 14 қарашасында AlmaU-да «Жаһандық қайта сақтандыру нарығы» тақырыбында қонақ дәріс өтті. Оның спикері «Еуразия» СК – ның өкілі Екатерина Абайдельдинова болды. Дәріс барысында қайта сақтандырудың түрлі аспектрлері, сақтардыру компанияларының жұмысы және қайта сақтандырудың жаһандық нарықтағы орны жайлы сұрақтар қозғалды.

«Ғылым апталығы»-ның ашылуы жақсы басталды және біз осы апта сәтті және нәтижелі өтуіне тілектеспіз.

 

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок