Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU-ды біріктіретін дәстүрлер

Алматы Менеджмент университеті – білім саласында өзіндік қолтаңбасымен, инновацияларымен ойып орын алатын үздік оқу орны. Білім ошағының 35 жылдық қарсаңында бірлікті нығайтып сый-құрметті арттыратын әрі жылдан жылға үзілмей өткізілетін шаралармен таныстырайық. Бұл дәстүрлер AlmaU-дың өн табиғатынан сыр шертіп үнемі үздік болуға үндейді.

Сәтті сәрсенбі

Әр сәрсенбі университет ұжымы мен студенттер қауымы ұлттық нақышта киінеді. Шолпы-білезік таққан, тақия мен шапан киген көпшілікке қарап патриоттық сезіміңіз артады. Бұл қарқынды дамып жатқан әлемде тамырымыздан ажырамай өзіміздің бет-бейнемізді жоғалтпауға әсер ететіні сөзсіз.

AlmaU Friday

Ал жұма күндері AlmaU-дың ресми мерчтарын кию дәстүрге айналып кеткен. Өз кезегінде бұл корпоративті рухты көтеріп, өз ісіне ғашық маман болуға үндейді. Бір айта кетерлігі, жыл сайын қараша-желтоқсан айларында мерчтардың жаппай сатылымы ұйымдастырылады. Жіберіп алмаңыз!

Altyn Tamga

Мұны студенттер асыға күтеді. Себебі бұл жыл бойы істелген жұмыстың қорытындысы шығатын кез. AlmaU-да студенттік өмір ерекше қайнап жатады. Спортқа, дебатқа, биге, қысқасы, әр нәрсеге қызыққан жастар неше түрлі шара ұйымдастырып, потенциалдарын сыртқа шығарады. Ең бастысы, мұның бәрін оқумен қатар алып жүреді. Міне, осындай мықты жастар Altyn Tamga-да номинациялар бойынша шорт-листке еніп, жеңімпаз атанып, сахнаға шығуды мақсат тұтады. Олардың есімдері университеттің алтын кітабына жазылады.

ППС party

Оқытушылар бас қосатын күн өз алдына ерекше. Олар бұл кеште қал сұрасып, жиналып қалған жаңалықтарын бөлісіп, ойын ойнап, би билеп қайтады. Ең қызығы, әр жылдың өзіндік қайталанбас атрибуты болады. Былтыр бас киімнің неше түрлісін кисе, биыл оларды біріктіретін әрі ерекшелендіретін атрибут не болары қызық.

AlmaU Awards

AlmaU-да 365 күн қызыққа толы. Бұл сан түрлі жобалар, конференция мен форумдар, мастер-клас пен тренингтер. Дамимын, өзімді әртүрлі бағытта сынап көремін деген адамға сәйкесінше мүмкіндік мол беріледі. Кім қандай істі қолға алды? Нәтижесі не болды? Осы сұрақтардың жауабы AlmaU Awards-та белгілі болады. Номинациялардың саны – 5. Олар: «AlmaU үздік оқытушысы», «AlmaU үздік қызметкері», «AlmaU үздік мектебі», «AlmaU үздік командасы (бөлімшесі)», «AlmaU үздік  жобасы».

AlmaU Дауысы

Бұл күні Atrium Grand Hall сахнасында жаңа жұлдыздар жанады. Күні кеше бизнес-офис жағдайында көріп үйренген әріптестерді мүлде басқа ампулада көруге болады. Олар танымал әншілердің репертуарларынан ән шырқап, өнерлерін ортаға салады.

 

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок