Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU Экономика және Қаржы мектебінде ұлттық валютаның 31 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

22.11.2024

«Жасанды интеллект, ESG және цифрландыру: қаржылық стратегияларды трансформациялау және тұрақты даму» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы келесі сұрақпен басталды: «Сандық технологиялар мен жасанды интеллект қаржылық стратегияларды қалыптастыру тәсілдерін қалай өзгертеді, қалай тұрақты даму құралына айналады және ESG құндылықтарын корпоративтік процестерге біріктіруге қалай ықпал етеді? Технология бизнестегі тиімділікті, ашықтықты, әлеуметтік жауапкершілікті және экологиялық тұрақтылықты жақсартуға қалай көмектесе алады?».

2024 жылдың 20 қарашасында Almaty Management University  Қазақстан Республикасының Қаржыгерлері күніне  және Ұлттық валютаның 31 жылдығына арналған іс-шара өтті. Конференция гибридті форматта және 3 тілде болды: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті.

Конференцияның негізгі мақсаты – ESG (экологиялық, әлеуметтік факторлар, корпоративтік басқару) қағидаттарын ескере отырып, қаржылық стратегияларды түрлендіруге жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың әсерін талқылау үшін кәсіби мамандарды, сарапшыларды және зерттеушілерді бір алаңда жинау.

«Қаржыгерлер күніне және Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасына арналған игі дәстүрге айналған конференциямызға қош келдіңіздер! Биыл біз ең өзекті тақырыптардың бірі – жасанды интеллект, ESG және цифрландыруды қозғаймыз. Біз жылдам өзгерістер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз, онда технология мен жаһандық сын-қатерлерді білу трансформацияда шешуші рөл атқарады. Бұл ұғымдар енді жай тренд емес – олар қаржы индустриясының болашағын және тұрақты дамуды қалыптастыратын стратегиялық ойлаудың негізіне айналуда», – деп атап өтті Ғылым департаментінің директоры Тимур Булдубаев.

Конференцияның негізгі спикерлері:
1. Адалят Абдуманапова: Жоба менеджері, ESG сарапшысы, Орталық Азиядағы және Түркиядағы экологиялық, әлеуметтік және басқару (ESG) тәжірибесі бойынша IFC консультативтік бағдарламасы, Халықаралық қаржы корпорациясы, Дүниежүзілік банк тобының мүшесі.
Баяндама: «Қазақстандағы және әлемдегі ESG трансформациясы: даму перспективалары және өзекті мәселелері».
2. Халил Киймаз, Ph.D., CFA, АҚШ-тағы Роллинз колледжінің (Краммер бизнес мектебі) Bank of America қаржы профессоры.
Баяндама: «Нарық тиімділігі және апта күнінің Bitcoin және Ethereum динамикасына әсері».
3. Айгерім Айтпаева, «Қазақмыс» корпорациясы» АҚ корпоративтік есеп беру менеджері.
Баяндама: «ESG есеп беруіне сәйкес ESG принциптерін енгізу: қазақстандық компаниялардың тәжірибесі».
4. Омархан Тілеуғабылов, Willis Towers Watson Kazakhstan бас директоры.
Баяндама: «Сақтандыру нарығындағы AI, ESG және цифрландыру: жағдайы мен проблемалары».
5. Алексей Сулименко, Людмила Нем, Partner Finance инвестициялық компаниясының құрылтайшылары.
Баяндама: «Банк және қаржы институттарында клиенттерге қызмет көрсетуді жақсарту үшін AI пайдалану».
6. Баяхметова Әлия Талғатқызы, экономика ғылымдарының докторы, AlmaU профессоры.
Баяндама: «Жасанды интеллект, тұрмыстық тәртіп және банк секторының тұрақты дамуы».

Конференцияда экономиканың түрлі салаларында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды пайдалануға ерекше назар аударылды. Спикерлер банктік және инвестициялық секторлардағы клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру үшін AI-ды тиімді пайдалану мысалдарын, сондай-ақ оның сақтандыру нарығын дамытудағы маңызды рөлін, Қазақстандағы ағымдағы жағдайды және туындайтын проблемаларды талқылады. Қатысушылар сонымен қатар қазақстандық компанияларда ESG есептілігін табысты енгізу мысалдарымен танысып, осы қағидаттардың бизнестің тұрақты дамуына әсер етуін талқылады.

Студенттер мен шақырылған қонақтар сұрақ-жауап сессиясына белсенді қатысты. Конференция бағдарламасына сай жетекші сарапшылар мен практиктердің қатысуымен пленарлық отырыс және панельдік пікірталас өтті, сондай-ақ жекелеген секциялардағы тақырыптық талқылаулар болды.

AlmaU Экономика және Қаржы мектебі ұйымдастырған конференция жаңа дағдыларды меңгеру және кәсіби тәжірибелермен алмасу алаңына айналды.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок