Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU студенттері 500 000 рубльді қалай ұтып алды?

2023 жылдың 23-25 қараша аралығында Якутскіде зергерлік коллекциялардың сыртқы нарықтарға шығарудың стратегиясын әзірлеуге арналған «Зергерлік креатон» өтті.

AlmaU-дың, Арктика мемлекеттік мәдениет және өнер институтының, Якут технология және дизайн колледжінің, өнеркәсіптік техникумның және креативті индустриялар колледжінің өкілдері бақ сынады.

AlmaU атынан маркетинг саласында тәжірибесі бар Кәсіпкерлік және инновация мектебінің үш студенті – Буранбаев Жәңгір, Баязитова Гүлжан және Габдуллина Надежда қатысты. Өз командаларын басқара отырып олар зергерлік бұйымдардың сыртқы нарығына жан-жақты талдау жасады.

Үздік жобаның жеңімпазына – AlmaU-ға 500 000 рубль көлемінде жүлде қоры берілді. Қазылар алқасының нәтижелері бойынша Надежданың командасында – 110 балл, Гүлжандыкіне  – 120 балл, Жәңгірдікіне – 130 балл берілді.

Қазіргі уақытта Жәңгірдің командасы дайындаған жоба нарыққа енгізілмек. Сонымен қатар якут зергерлік компаниялары Гүлжанның командасына қызығушылық танытқаны қуантты.

 

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок