Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU студенттері қаланың болашағын өзгертетін шешімдерді ұсынды

25.12.2024

Almaty Management University пәнаралық бағдарламалар орталығы Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп Smart City Almaty Challenge 24 хакатонын өткізді. Қарқынды урбанизация және инфрақұрылымды жетілдіруге қажеттіліктің артуы жағдайында Smart City тұжырымдамасы Алматының даму бағдарламасының негізгі элементіне айналды. Ол қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және мегаполисті басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Атап айтқанда, қала әкімшілігі қауіпсіз және экологиялық таза қалалық ортаны құру үшін озық технологияларды енгізуге ерекше назар аударады.

Өткен хакатон мақсаттарды іске асырудағы маңызды қадам болды. Қатысушыларға өз таланттарын көрсетіп қана қоймай, Алматының қалалық ландшафтын жақсартуға идеяларды ұсынуға мүмкіндік берді.

«Біз осы хакатон сияқты іс-шаралар арқылы Smart city тұжырымдамасын жүзеге асыруды белсенді қолдаймыз. Олар жас мамандарды қызықтырып және кейіннен қалада енгізуге мүмкін инновациялардың дамуын ынталандыруға көмектеседі», — деп түсіндірді қазылар алқасының мүшесі және Алматы қаласы цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Амантай Арын.

Хакатонның басты мақсаты қалалық ортаны жақсартатын практикалық цифрлық шешімдерді құру болды. Қатысушылар мегаполистің көлік жүктемесінен бастап экологиялық сын-қатерлерге дейінгі өзекті мәселелерін шешуге әр – түрлі жобаларды ұсынды.

AlmaU пәнаралық бағдарламалар орталығының жетекшісі және іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі Рашид Дүйсембаевтың айтуынша, қазір Алматыда цифрлық трансформация процесі жүріп жатыр және осы салада студенттер қала тұрғындары үшін пайдалы идеяларын ұсынуға мүмкіндіктері бар.

Алматы Даму орталығының Smart City бағытының бас менеджері Константин Роганов та осымен келіседі. Оның пікірінше, мұндай іс-шаралардың мақсаты — жастар арасындағы үздік таланттарды анықтау және оларға қаланың қиындықтарын шешуге мүмкіндік беру. «Алматыда талантты жастарымыз болса, неге шешімді сырттан іздеу керек?»- деді ол.

Хакатонның қазылар алқасы жобаларды үш негізгі критерий бойынша бағалады: жұмыс прототипінің болуы, идеяның өзектілігі және оның жаңашылдығы. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарды жеңіп қана қоймай, қала әкімшілігімен бірлесіп өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, көптеген студенттер үшін, әсіресе бірінші курс студенттері үшін бұл нақты жобалармен жұмыс істеудің алғашқы тәжірибесі болды.

«Нақты проблемамен жұмыс істеу біз үшін нағыз сынақ болды. Біз құпиялылық жағдайында сынақ деректерін өңдеу міндеттеріне, сондай-ақ бет-әлпетті тану жүйсінің алгоритмдерін дайындадық. Дегенмен, бұл тәжірибе өте қызықты болды: біз нақты өмірде пайдалы болуы мүмкін шешім жасай алдық. Біздің FaceID жүйеміз балалардың Мемлекеттік бағдарламалар үйірмелеріне қатысуын тіркейді, электронды журналға деректерді автоматты түрде енгізеді және қолмен енгізу қателерін болдырмайды», — «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының студенті бөлісті.

Хакатонның соңғы күні қаланың болашағын қалыптастыратын жобалар әзірленетін «Алматыгенплан» ғылыми-зерттеу институтында өтті. «Біз қазір тұрған ғимараттың жоғарғы қабатында Алматының болашаққа деген көзқарасын бейнелейтін миниатюрада қаламыздың макетін көруге болады. Қаланы цифрландыру-басты міндет, және ол дәл осы жерден «Алматыгенпланда» басталуы тиіс, — атап өтті Рашид Дүйсембаев.

Финалда ұсынылған жобалардың арасында:

  1. Алмалы ауданың чат-боты. Бұл қызмет аудан тұрғындарының өтініштерін қабылдауды және өңдеуді автоматтандырады.
  2. Онлайн фитнес жаттықтырушысы. Жаттығу техникасын қадағалай алатын және жеке жаттығу бағдарламаларын ұсына алатын жасанды интеллект қосымшасы. Жоба авторлары олардың өнімі жеке ұсыныстар бере отырып, жаттықтырушыны алмастыра алатынын атап өтті.
  3. Медеудің сандық егізі. Жоба төтенше жағдайлардың алдын алуға, инфрақұрылымды жоспарлау үшін VR ортасындағы адамдар ағынын модельдеуге мүмкіндік береді.
  4. QR кодтары мен Face ID негізіндегі балалар спорт секцияларына қатысуды бақылау жүйелері. Жүйе секцияға келу уақытын тіркеуге, қауіпсіздікті арттыруға және спорт секцияларында жалған кіру жағдайларын болдырмау үшін бағытталған.

«Әр команда керемет жұмыс жасады және бұл шабыттандырады. Ұсынылған жобалардың барлығы Алматы үшін практикалық маңызы бар. Олардың көпшілігі өз орнын тауып, әрі қарай дамытылады деп сенемін», — Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Олжас Жаңабек.

Халктан қорытындысы бойынша финалист командалар, сондай-ақ өткен жарыстың жеңімпаздары планшеттермен марапатталды. Финалда ұсынылған алты команданың төртеуі өздерінің пилоттық жобаларын әртүрлі қалалық қызметтермен бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндік алды.

Қала үшін хакатон цифрлық трансформацияға тағы бір қадам болды, ал қатысушылар үшін идеяларын ұсынуға және оларды жүзеге асыруға қолдау алу мүмкіндігі болды. Мұндай іс-шаралар ақылды қала тұжырымдамасын дамытуда маңызды рөл атқарады, бұл технологиялар өмір сапасын жақсартудың негізгі құралына айналатын болашақты құруға ықпал етеді.

Сурет авторы: Әлихан Сариев

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок