Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU және Kyungdong University (KDU) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2024 жылдың 9 шілдесінде Kyungdong University (KDU) өкілдері Қазақстанға келіп, AlmaU-мен ынтымақтастық аясында бірнеше кездесу өткізді.

Сол күні AlmaU президенті Кожахметов Асылбек Базарбаевич пен Kyungdong University (KDU) президенті Prof. Dr. Lee John Kyu серіктестік туралы келісім қой қойды.

Аталған келісім академиялық ынтымақтастық саласындағы қарым-қытынасқа бағытталған, оның ішінде:

  • Студенттердің ғаламдық ұтқырлығы;
  • Студенттермен алмасу бағдарламалары;
  • Мұғалімдер мен қызметкерлердің алмасуы;
  • Бірлескен ғылыми жобалар және т.б.

AlmaU президенті Асылбек Базарбаевич Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды: «Біз Kyungdong University-мен ынтымақтастығымызды мақтан тұтамыз және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою арқылы серіктестікті нығайтқымыз келеді. Біз бірге көптеген таңғажайып жобаларды жасайтынымызға сенімдімін».

Тараптар академиялық ұтқырлықтың маңыздылығына назар аударып, студенттермен алмасу бағдарламасына қатысу шет тілін үйреніп, практикалық тәжірибе алуға, практикалық және теориялық білім алуға, сондай-ақ серіктес елдердің мәдениетін зерделеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Президент Lee John Kyu біздің университетіміздің 50 студентіне Kyungdong University-нің есігін ашуға, сонымен қатар өз студенттерін Қазақстанға сеніммен жіберуге дайын екенін айтты: «Студенттеріміздің 40 пайызы шетелде білім алғысы келеді және біз оларға AlmaU-да оқуға тамаша мүмкіндік бере алатынымызға өте қуаныштымыз. Себебі: біріншіден – қауіпсіздік; екіншіден – қаржы; үшіншіден –  жаңа мүмкіндіктер».

2024 жылдың 10 шілдесінде AlmaU Жоғары Бизнес Мектебінің маркетинг кеңсесінің директоры Балнұр Амерханова мен KDU мультимедиялық орталығының директоры Aisena Ivanova-ның кездесуі өтті. Балнұр Қайыржанқызы AlmaU-дың MBA бағдарламаларын енгізу тәжірибесін бөлісті, сонымен қатар AlmaU Жоғары Бизнес Мектебінің Орталық Азия нарығындағы бәсекелестерден артықшылығын айтып берді.

Сол күні халықаралық білім беру бөлімінің директоры Juraev Sirojiddin Salomovich пен университетіміздің студенттері арасында ынтымақтастық аясында академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысты кездесу өтті: «Өткен жылы AlmaU студенттерін өте жақсы әсер алдық, биылғы оқу жылында біз де сіздердің көңілдеріңізді қалдырмайтынымызға сенімдімін. Сіздер Кореяда болатын кезде түрлі әлеуметтік-мәдени шаралар, корей тілі сабақтары және т.б. өткізіледі», – деп атап өтті Juraev Sirojiddin Salomovich.

 

 

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок