2024 жылдың 6 қыркүйегінде Алматы Менеджмент Университеті мен Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Спорты Федерациясы арасында әріптестік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі. Тоғызқұмалақ ойыны қазақ даласында кең таралған. Қазіргі таңда тоғызқұмалаққа қызығушылық танытқандардың басым бөлігі – жастар.
«Білімді, ақылды, парасатты жастар – ұлт болашағы. Тоғызқұмалақ ойыны – жас ұрпаққа, сондай ақ, Алматы Менеджмент Университетінің студенттеріне, оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне де ұшқыр ойлауды, стратегиялық жоспарлауды, тапқырлықты және табандылықты үйрететініне сенімдімін.» – Асылбек Қожахметов Алматы менеджмент Университетінің Президенті.
Аталмыш ойын түрін дамыту жолында Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Спорты Федерациясы жоғары дәрежеде жұмыс атқарып отыр. Федерацияның басты мақсаты – тоғызқұмалақтың дамуына, стратегиялық бағыттарын анықтауға көмек көрсету және жалпы тоғызқұмалақтың танымалдылығын арттырып, оның жан-жақты жүйелі дамуына қолдау көрсететін тұлғалардың басын біріктіру.
«Біздің әріптестіктің тарихына ойша көз жүгіртіп отырмын. Осыдан көп уақыт бұрын AlmaU – дың құрылған кезінен бастап, Асылбек Қожахметов әрдайым жаңа жол көрсетіп, елдің болашағын дамытуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруды қолға алып келе жатыр. Біздің әлем чемпионатына келген қонақтарымыз әлі күнге дейін AlmaU – дың қонақжайлылығын ыстық ықыласпен еске алады. Тоғызқұмалақ зейінді тәрбиелейді, еңбекқорлыққа баулыйды. Тоғызқұмалақ жарысының мақтан тұтатын қағидасы бар – жарыста чемпиондар болады, бірақ ұтылатындар болмайды, себебі ұтатын – біздің ұлттық мәдениетіміз. Ойынды ойнау арқылы, біз мәдениетімізді дамытуға ат салысамыз.» – Дүниежүзілік және ҚР Тоғызқұмалақ спорты Федерациясының Президенті Әлихан Байменов.
«9 қыркүйекте 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойыны өткізіледі. Осы ойындардың ұйымдастырушыларының бірі ҚР Тоғызқұмалақ Спорты Федерациясы. Солға қойған жоспарларымыздың ішінде жоғарғы оқу орындарыныз арасында олимпиада ойындарын ұйымдастыру бар. Сол шараларға сіздердің де қолдауларынызды күтеміз.» – Республикалық Тоғызқұмалақ қаумдастығы вицепрезиденті Әкім Тұрсын атап өтті.
Бүгінгі қол қойылған меморандум аясында Алматы Менеджмент Университетінде келесідей жұмыстар алға қойылды:
1.Жылдық тоғызқұмалақ спартакиадасын ұйымдастыру;
2.Студенттер, оқытушылар және қызметкерлер арасында республикалық дәрежеде жарыстар өткізу;
3.Мектеп бітіруші түлектерге арналған тоғызқұмақ турнирін жариялап, жеңімпаздарға университетімізде білім гранттарын тағайындау;
4.Жексенбілік тоғызқұмалақ секциясын өткізу
Аталмыш іс-шара барысында тарихи сәт орын алды – Дүниежүзілік және ҚР Тоғызқұмалақ спорты Федерациясының Президенті Алихан Байменов Алматы Менеджмент Университеті-нің президенті Асылбек Қожахметовқа «Тоғызқұмалақ қайраткері» медалін табыс етті.