2024 жылғы 25 қыркүйек, Алматы. Almaty Management University студентіміздің қайғылы қазасы туралы терең күйзеліспен хабарлайды. Қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайларын құқық қорғау органдары анықтауда. Университет барлық қажетті қолдауды көрсетіп, оқиғаның барлық жағдайларын анықтауға көмектесуде.
Алматы Менеджмент Университетінің басшылығы марқұмның туыстарына және жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Осы қиын сәтте отбасына қажетті қолдау көрсетеді.
БАҚ өкілдерінен марқұмның отбасына түсіністікпен қарап, тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұраймыз.
Баспасөз қызметі:
+7 (707) 123 41 89
y.korabayeva@almau.edu.kz