Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Білікті футбол менеджері болуды үйрететін үздік бағдарлама

2023 жылдың жазында AlmaU және ҚФФ бірлесіп дайындаған «Футбол менеджменті» іске қосылды. Қазірдің өзінде 100-ге жуық қатысушы білікті футбол менеджері болу  мақсатында білім алып үлгерді. Енді елде баламасы жоқ білім беру жобасы EA Group-тан қолдау тауып үшінші лекке қатысушыларды қабылдай бастады.

Футбол менеджері деген кім?

Футбол менеджменті – білім беру бағдарламасы арқылы болашақ жоғары білікті футбол басшыларын құруға арналған алаң. Яғни футбол менеджері –бұл спорттық маркетинг, қаржы, демеушілік туралы білімі бар жетекші. Ол спорттағы адамдарды басқарып, жанкүйерлермен тығыз жұмыс істей алады. Футболдың бизнес-индустрия ретінде дамуына үлес қоса алуы үшін кәсіпкерлік қабілетті дамыту көзделген. Өздеріңіз білетіндей, футбол – Қазақстанда да, бүкіл әлемде де ең танымал бұқаралық спорт түрі.

Мұндай білім беру жобасының маңыздылығын ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов былай атап өтті: «Тұрақты футбол экожүйесін қалыптастыру білікті менеджерлердің сыни массасын дайындауды талап етеді. Өйткені олар футбол ұйымдарын тиімді басқаруда шешуші рөл атқарады. Біз алдағы 2,5 жылда 3000 менеджерді даярлау міндетін алдымызға қойып отырмыз. Бұл, жалпы, футбол индустриясының қаржылық тұрақтылығының кепілі болмақ».

EA Group CEO-сы Ерік «Кәсіпкер және бұрынғы футболшы ретінде мен спортшыларды даярлау, олардың жабдықталуының маңыздылығын ғана емес, сонымен қатар спорт клубтарын кәсіби басқарудың маңыздылығын түсінемін. Біз Қазақстандафутбол клубтары мен алаңдарын дамытуды жоспарлы түрде қолдаймыз, ал AlmaU-мен серіктестік – бұл біздің белсенділігіміздің табиғи жалғасы» дей отыра аталмыш жобаға деген жоғары қызығушылығын түсіндірді.

«Футбол менеджменті» жобасының бірегейлігі

2022 жылдан бері Спорт менеджмент орталығын іске қосқан еліміздің №1 кәсіпкер жоғары оқу орны AlmaU мен ҚФФ-ның коллаборациясы көзге түспей қоймайды. AlmaU-дың Спорт менеджмент орталығының директоры Нұрлыбек Сыздықов жобаның бірегейлігіне ерекше тоқталды: «Біз – футбол менеджерлерін дайындаумен айналысып жатқан Қазақстандағы жалғыз білім беру жобасымыз. Біз екі үлкен өзекті саланы қамтып отырмыз: ол – спорт және білім. Бізге Қазақстанның барлық өңірінен білім алуға келеді. Бұл 16-55 жас аралығындағы қатысушылар: футбол академияларының, секциялардың, орталықтардың, клубтардың, лигалардың, қауымдастықтар мен федерациялардың өкілдері ғана емес, жалпы, футбол әлеміне бейжай қарамайтын азаматтар.

Бір айта кетерлігі, «Футбол менеджменті» онлайн курсының оқу бағдарламасы 9 модульден тұрады: Стратегиялық менеджмент, қаржы, операциялық менеджмент, команданы басқару – HR, инфрақұрылым мен іс-шараларды басқару, спорт агенті, спорттық маркетинг, демеушілік, жанкүйерлермен жұмыс.

Нәтижесінде курсты бітіріп шыққан азаматтар тағылымдамадан өтіп, ҚФФ мен клубтарда жұмысқа орналасып жатыр. Соныменқатар серіктес, инвестор, демеуші табуға керемет мүмкіндік бар. Біз 2026 жылға дейін Қазақстанның түкпір-түкпірінен 3000 футбол менеджерін даярлауды және жобаны Орталық Азия елдеріне шығаруды көздеп отырмыз».

«Курстың басталуы MBA курсына ұқсас болды, бұл да таң қалдырды»

Саят есімді түлектердің бірі жақсы жаңалығын бөлісті: «Оқу барысында мен қарағандылық «Шахтер» футбол клубында тағылымдамадан өттім. Кейін олармен келісімшартқа отырдым. Алматыдағы офлайн шараның арқасында ірі сауда желісінің өкілімен таныстым. Нәтижесінде біз ынтымақтастық жасадық. Ысан Медет те оқу кезінде тағылымдамадан өтіп, содан кейін Астанадағы «Бешикташ» түрік клубына тиесілі футбол мектебінің менеджері ретінде жұмысқа қабылданғанын айтып берді.

«Курс маған әр түрлі біліммен пайдалы болды. Курстың басталуы MBA курсына ұқсас болды, бұл да таң қалдырды. Футбол саласына енгізуге болатын  кәсіпкерлік білім алдым. Сондай-ақ офлайн іс-шараларды ұйымдастырылу деңгейі мен сапасы таң қалдырды. Әсіресе спикерлердің кәсібилігі мен нақты қойылған мақсаттары ұнады. Алған білімдерді бекітетін көптеген үй тапсырмасы берілді. 6 сағат ішінде демеушілер үшін презентация дайындап назарларына ұсындық. Бұл өте құнды тәжірибе болды», – деп атап өтті бағдарлама түлегі Қойлыбаев Әділжан.

Қатысушылардың кері байланысы мен оқудан кейінгі нәтижесі бұл жобаның мұндай қолдауға лайық екенін дәлелдейді. Онымен қоймай жоба өзекті әрі пайдалы болғандықтан жалғасын тауып, қазір тыңдаушылар легін толтырып жатыр.

 

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок