2024 жылдың 14 маусымында NARXOZ университетінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының «Білім және қоғамдық ғылымдар» бөлімшесінің жас ғалымдар жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:
ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың отандық ғылымды қолдауға қатысты міндеттерін жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Ғылымды дамытуға қатысты Ұлттық баяндаманы әзірлеу бойынша жас ғалымдардың ұсыныстары;
«Білім және азаматтық қоғам» ғылымдар бағыты бойынша жас ғалымдардың жұмыс тобына және Жас ғалымдар кеңесінің Президумына іріктеу;
Әр түрлі меселелер.
Іс-шараға Алматы, Астана, және басқа да өңірлерден белсенді 60 жуық Жас ғалымдар (офлайн/онлайн) қатысты. Кеңес отырысына NARXOZ университетінің президенті Қанат Қожахмет қатысып, университеттің ғылым академиясымен алдағы өзара әріптестігін арттыруға ниетті екендігін атап өтті.
Күн тәртібі бойынша Жас ғалымдар Президенттің отандық ғылымды қолдауға қатысты және Ұлттық баяндаманы әзірлеу бойынша нақты өз ұсыныстарын айтып, алда жүзеге асыруға өз үлестерін қосатынына тоқталды.
Жиын соңында жас ғалымдар кеңесінің жұмысын жандандыру мақсатында Жас ғылымдар кеңесінің жұмыс тобының құрамы жаңартылып, алда жұмыс жасау жоспары нақтыланды.