Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Босаған мемлекеттік білім гранттарын беруге конкурс жарияланды

16.01.2024

ХАБАРЛАМА

Ақылы білім алатын білім алушылардың арасында төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша босаған мемлекеттік білім гранттарын беруге конкурс жариялау туралы

 

№  БББ тобының атауы Оқуға түскен жыл Курс  

Орын саны

Бакалавриат
1 В046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі 2019 4 1
2 В095 Көлік қызметтері 2020 4 2
3 В093 Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі 2020 4 1
4 В093 Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі 2021 3 2
5 В057  Ақпараттық технологиялар 2021 3 1
6 В047 Маркетинг және жарнама 2022 2 1
7 В140 Халықаралық қатынастар және дипломатия 2022 2 1
8 В093 Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі 2022 2 1
9 В057  Ақпараттық технологиялар 2022 2 2
10 В057  Ақпараттық технологиялар 2023 1 4
11 В093 Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі 2023 1 1
12 В095 Көлік қызметтері 2023 1 1
13 В091 Туризм 2023 1 1
Магистратура
1 М078 Құқық 2022 2 1
2 М075 Маркетинг және жарнама 2023 1 1
Докторантура
1 D074 Қаржы, банк және сақтандыру ісі 2023 1 1
2 D075 Маркетинг және жарнама 2022 2 1
3 D075 Маркетинг және жарнама 2021 3 1

 

Босаған білім беру гранттарын беру келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

1) конкурс ақылы негізде оқитын сайысқа қатысу үшін өтініш тапсырған білім алушылар арасында білім беру бағдарламалары топтарына, курстарға сәйкес бүкіл оқу кезеңіндегі GPA үлгерімінің орташа балы негізінде өткізіледі;

2) оқудың барлық кезеңінде тек А, А- (“өте жақсы”), В+, В, В -, С+ (“жақсы”) бағалары бар ақылы негізде оқитын білім алушы университет басшысының атына одан арғы оқуын білім беру гранты бойынша жалғастыруға арналған өтінішін береді;

3) GPA үлгерімінің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған кезде алдымен тек А, А- (“өте жақсы”), келесі кезекте А, А – (“өте жақсы”), В+, В, В -, С+ (“жақсы”) дейінгі бағалары бар, әрі қарай – бүкіл оқу кезеңіндегі аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.

4) Университет түскен өтініштерді 2024 жылғы 9 қаңтарға дейінгі мерзімде ғылыми кеңесте конкурстық негізде қарайды.

5) Мемлекеттік білім беру гранттары бойынша жұмысты өтеу мәселелеріне байланысты ақпаратты 109 кабинетте Саукимов Нұрсұлтаннан алуға болады.

6) Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау қысқы емтихан сессиясы аяқталғаннан кейін, атап айтқанда 2024 жылдың 3 – 5 қаңтары аралығында өткізіледі.

7) Құжаттарды қабылдау студенттерді қолдау Орталығында, №111 кабинетте, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін (үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін) жүзеге асырылады.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок