Эдвайзерлер – тиісті білім беру бағдарламасы бойынша студенттің академиялық тәлімгері қызметін атқарады, студентке жеке оқу жоспарын құруда және оқу кезеңінде білім беру бағдарламасын меңгеруде көмек көрсетеді. Эдвайзерлер студенттерге AlmaU академиялық ережелері мен рәсімдерін және академиялық дәреже алу талаптарын түсіндіруде кеңес береді және университеттегі қолжетімді ресурстар туралы ақпарат береді. Эдвайзинг орталығы күндізгі бөлімнің барлық курс студенттерімен жұмыс істейді, пәндер мен оқытушыларға тіркелу мәселелері бойынша кеңес береді, академиялық қиындықтары бар студенттерге қолдау көрсетеді, әр студенттің ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, жеке кеңестер береді және қажет болған жағдайда тиісті кеңселерге бағыттайды.