Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Гүлшара Әбдіқалықова AlmaU-ға қонаққа келді

2024 жылдың 26 қаңтарында «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Гүлшара Әбдіқалықова Алматы Менеджмент Университетініне іскерлік сапармен келді.

Қонағымыз алдымен кампусты аралап шықты. Оқу орны ректоры Гүлнар Тұрдалықызы жөндеу жұмыстарынан кейінгі асхананы, кітапхананы көрсетті.

«Студенттеріміздің қай жерде тамақ жейтіні, қай жерде кітап оқитыны бізге ерекше маңызды. Осы екі дүние эстетикалық тәрбие береді» деп атап өтті ректор.

Бүгінгі таңда AlmaU кітапханасында 200 мыңнан астам қағаз кітап, 44 мыңнан астам электронды кітап жинақталған.

Әрмен қарай ректор Qaynar Bulaq-ты көрсетті. Гүлшара ханымға AlmaU-дың жертөлені осылайша тиімді пайдаланып жатқаны ерекше ұнады.

«Іші қандай жап-жарық, жылы. Жертөледен қалалық кеңістік жасағандарыңыз керемет! Кезінде мұндай стильге көз үйренбеген еді. Ал қазір лофт стилі жастар арасында сұранысқа ие»,-деп тілге тиек етті.

Қалалық кеңістік жетекшісі Яна Исакова былтыр 700-ден астам шара ұйымдастырылғанын атап өтті.

«Біздің студенттер ғана емес, кез келген қала тұрғыны келіп қызығушылығына сәйкес тренинг, шеберлік сабақтарына қатысып білім ала алады. Дәл қазір Senior club ұйымының мүшелері яғни күміс жастағылар оқып жатқанын көре аласыз» деді ол.

Кейін қонағымыз нейромаркетинг лабораториясымен танысты. Аталмыш лаборатория жетекшісі Ақдана Абужалитова лаборатория іске асырған жобалардың нәтижесін бөлісті:

«Лабораториямыз 2017 жылдан бері жұмыс істейді. Үш технологияны, атап айтқанда Eye Tracking, Face Reading және GSR-ді негізге ала отырып зерттеулер өткіземіз. Былтыр Eurasian Fashion Week-пен коллаборация жасадық. Сөйтіп модель таңдау барысында респондент не нәрселерге көбірек мән беретіні анықталды. Осылайша сән әлемі мен ғылым ұштасқан жоба сәтті жүзеге асырылды».

Сонымен қатар университетіміздің сыйлы қонағы Jalinga студиясына аяқ басты. Жаңа технологиялар көмегімен дәріс беруді қалай жеңілдетуге, оңтайландыруға болатынын көрді. Жақында ғана тұсауы кесілген Tatishev Wing қанатын аралап шықты.

Кампус-тур аясындағы соңғы аялдама мұражай болды. Мұнда да тарих пен жаңа технологиялар үндестік тапқанын атап өтейік. Белгілі бір жылды, көзіңізге оттай түскен жаңалықты таңдасаңыз, мәтін түріндегі ақпаратын оқып видео нұсқасын көре аласыз. AlmaU мұражайы бұл инновацияны қонақтар назарына 2023 жылдың соңында, 35 жылдық мерейтой құрметіне ұсынды.

Кейіннен «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Гүлшара Әбдіқалықова оқу орынның болашақ стратегиясына көз жүгіртіп ректормен, университет президентінің кеңесшісі Меруерт Қазбековамен, студенттерді қолдау және дамыту проректоры Дидар Мардановпен және мектеп, орталықтар жетекшілерімен ортақ жобаларды талқылады.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок