Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Халықаралық семинар: Қазіргі Қазақстандағы Практикалық психология

2023 жылдың 10 қарашасында AlmaU-дың 35 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Қазақстандағы психологияның қазіргі заманғы аспектілеріне арналған семинар-тренинг өткізілді. Ғылыми – педагогикалық конференциянын аясында когнитивті мінез-құлық терапиясының, гештальт терапиясының, психоанализдің, транзакциялық талдаудың және интегративті тәсілдің ерекшеліктері жайлы сұрақтар қамтылды.

Спикерлер Қазақстанның психологиясының дамуына үлес қосқан ғалымдар мен практиктер болды. Семинраға қызығушылық танытқандар Қазақстаннын әр түрлі аймақтарынан келіп және онлайн қосылып отырды.

AlmaU ректоры Гүлнара Тұрдалиқызы психологиялық мамандықтардың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Ол адамның психологиялық денсаулығын дамытуға бағытталған AlmaU Sharmanov School of Health Sciences туралы айтты. «Психология мамандығының траекториясы когнитивті-мінез-құлық терапиясына бағытталған. Сонымен қатар біздің түлектер теория мен практиқаға үйренеді», – деп жалғады.

Гештальт терапевт және «Елсана KZ» ғылыми-зерттеу орталығының негізін қалаушы Тилла Сәрсенқызы Қазақстандағы психологияның даму кезеңдерімен бөлісті. Басты мақсат -психология саласының құндылықтарын сақтау және білімді жас ұрпаққа тапысыру. Сондай – ақ ол психометрияны дамыту, зертханаларды ұлғайту, тәуелділік пен этнокультуралық сәйкестік мәселелерін шешу қажеттілігін атап өтті.

Наби Болатұлы, МВА, Республикалық психикалық денсулығының ғылыми-практикалық орталығының бас директорының орынбасары психологиялық қызметтегі кадрлар туралы статистикалық деректерді ұсынды. Ол кәмелетке толмағандардың психикалық денсаулығын нығайтудың заманауи тәсілдері туралы айттып өтті.

Фариза Алтайқызы Болат Өтемұратов қорының қызметімен таныстыра отырып, аутизм спектрінің бұзылуының (АСД) ерте диагностикасы және АСД саласындағы өзекті зерттеулер туралы ақпаратпен бөлісті. Ол сондай-ақ Қордың аутизмге арналған және мифтерді шындықпен салыстыратын кітаптың басылып шыққанын айтты. «Аутизмді ерте диагностикалаудың маңыздылығын атап өткім келеді, өйткені бұл денсаулық сақтау органдарына мәселені жедел шешуге мүмкіндік береді. Түзету терапиясына ата – ананың қатысуы өте маңызды. Біздің зерттеулеріміз аутизмнің генетикалық негіздерін түсінуге бағытталған», – деп атап өтті Фариза Алтайқызы.

Қазақстандағы когнитивті-мінез-құлық психотерапиясының Еуразиялық қауымдастығының негізін қалаушы Сергей Владимирович «Мамандардың эмоционалды күйіп кетуіндегі когнитивті-мінез-құлық психотерапиясы» тақырыбында сөз сөйледі. Ол эмоциалды күюдің анықтамасын, оның экономикалық салдары мен қауіп төндіретің факторларын талқылады. «AlmaU үшін оқу бағдарламасын әзірлеудеміз», – деп университетпен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

ҚР-дағы психотерапияның гештальт-терапиялық бағытының негізін қалаушы Диляра Талғатқызы бұл тәсілдің тарихы және ерекшеліктерімен таныстырып өтті. «Гештальдты жабу – бұл адамның шынайы қажеттіліктерін түсіну, оларды қанағаттандырудың және басқа адамдармен қарым-қатынас орнатуға ықпал ететін тиімді жолдарын табу», – деп атап өтті ол.

Рахима Жолтанқызы, «Прима» психологиялық орталығының және трансактілі талдау институтының басшысы қазіргі уақыттағы трансгенерациялық процестер мен қатынастар туралы ақпарат берді. «Неліктен ұрпақтар арасындағы психологиялық соққы тақырыбы біздің қоғам үшін өзекті?» және «Психологиялық соққы қарым қатынасқа қандай әсер келтіреді?» сұрақтарды ашып түсіндірді.

Анар Алиакпаровна, психология ғылымдарының кандидаты, «Тұран» университетінің профессоры және Қазақстан EMDR терапевтері қауымдастығының Президенті ХХІ ғасырдағы EMDR-терапиясының ерекшеліктері, оның мүмкіндіктері мен болашағы туралы баяндады. «Көздің белгілі бір амплитуда мен жылдамдықпен қозғалуы мазасыздықты азайтады» – деп жалғастырды ол.

«Академиялық және практикалық психология мен кататимді-имагинативті психотерапия орталығы» қоғамдық қорының негізін қалаушы Надежда Павловна практикалық психология әдістерімен бөлісіп, символдраманың интеграциясы туралы айтты. Сондай-ақ, Надежда Павловна орталықтың тарихына тоқталып, бағдарламалар, вебинарлар және психологиялық әсер ету әдістері туралы айтты.

AlmaU психологы Лаура Нұрланқызы студенттермен және оқытушылармен психология саласында жұмыс істеу мүмкіндіктерімен бөлісті. AlmaU өз оқушылары мен қызметкерлеріне қамқорлық жасайтынын атап өтті.

Психоаналитикалық бағытының негізін қалаушы Анна Мергенбайқызы «психоанализдегі ақша» тақырыбында сөз сөйледі. «Адамның ақшаға деген қарым-қатынасы бала кезінен басталады, оған ата-ананың тәрбиесі тікелей әсер етеді», – деп атап өтті ол.

Конференцияның бірінші бөлімі AlmaU Sharmanov School of Health Sciences деканы Аида Өмірдің сөздерімен аяқталды.

Конференцияның екінші бөлімі қатысушылар үшін ерекше тәжірибе болды. Сол уақытта қатысушылар сарапшылармен жеке тренингте жақынырақ танысып, ақпаратпен бөлісуге мүмкіндік алды. Қол жетімді және қарапайым түрде өткізілген тренинг аудиториямен тұрақты қарым-қатынас алаңына айналды, онда сарапшылар әртүрлі бағыттар бойынша өздерінің құнды практикалық білімдерімен бөлісті.

Нәтижесінде, конференцияға қатысушылар құнды практикалық дағдыларға ие болып қана қоймай, қазіргі әлемде өздерінің психологиялық денсаулығына қамқорлық жасаудың маңыздылығын атап өтті.

 

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок